Ордабасылық шаруалар сазан балығын өсіре бастады

Түркістан облысы Ордабасы ауданының шаруалары сазан балығын өсіре бастады. Бөржар ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылында жеке кәсіпкер Амантай Мәулен 6 гектар жерге су айдынын жасап, 2 мың дана сазан балығын суға жіберген. Алдағы уақытта оның санын көбейту ойда бар. Өз қаржысы арқылы кәсібін бастап отырған азамат болашақта бұл мекеннің үлкен демалыс аймағына айналатынын айтады. Ісі ілгері басып келе жатқан қожалықта бес адам жұмыспен қамтылған. Амантай Мәулен, жеке кәсіпкер: — Кезінде бұл жерде бұлақ болатын. Бұлақтың көзін ашып кеңейтіп, осы жерде су болатынын білгеннен кейін балықпен айналысып жатырмыз. Мұнда негізінен сазан салдық, көрейік деп, жанына шамалы карась салдық. Келгендер балық аулап демалады. Әрі үстінде демалыс орны болады, катер болады.

24.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *