Инновациялық технологияларды өндіріске ендіруде

Мақтаарал ауданында асфальт-бетон зауыты, полиэтилен өнімдерінің және медициналық мақта өнімдерінің өндірісі, сондай-ақ темірді қайта өңдеу өндірісі іске аспақшы. Облыс бойынша мақта шикізатының 70 пайыздан астамы Мақтаарал және Жетісай аудандарына тиесілі болғанымен, өңірде шикізатты әрі қарай дайын өнімге айналдыратын кәсіпорындар жоқтың қасы. Бұл ретте Мақтааралдың индустриалды аймағында тоқыма кластеріне, сондай-ақ мақтадан дайын өнім жасайтын басқа да жобаларға көңіл бөлінетін болады.

«Қазақ мақта шаруашылығы» ғылыми зерттеу институты мақта шаруашылығындағы ғылымизерттеулерді дамыту арқылы отандық бәсекеге қабілетті мақтаның жаңа сорттарын шығару, мақта өндірудің тиімділігін, инновациялық технологияларды өндіріске ендірумен Қазақ мақта шаруашылығы ғылымизерттеу институтының ғалымдары айналысып, бірқатар жетістіктерге жетті. Мақтаның 12 орта талшықты, сыртқы ортаның қолайсыз факторларына төзімді, өнімділігі басқалардан 5-6 ц/га жоғары сорттары шығарылды. Олардың 7-еуі (ПА-3044, Мақтаарал-4005, ПА-3031, Береке-07, Мақтаарал-4007, Мақтаарал-4011, Мырзашөл-80) аудандастырылды.

«Біз мақтадан бөлек, бақша дақылдарын зерттеуді де қолға алдық. Қазіргі таңда экспортқа төзімді, бәсекеге жарамды мықты сорттарды жасап шығардық. Мақтааралдық ғалымдар жасаған «Мырзашөл», «Жиен», «Валет» атты сорттарды Жетісай, Шардара, Отырар сияқты бақша дақылдарын өндіретін бірнеше аудандардың шаруалары пайдалануда. Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша өндірілетін 1 миллион 300 мың тоннадан астам бақша өнімдерінің басым бөлігі, оның ішінде экспортқа шығып жатқан бақша өнімдерінің барлығы дерлік біз жасап шығарған сорттар екенін айта кету керек» — дейді институт директоры И.Үмбетаев.

Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *