Шаруалар 25 центнерден өнім жинауда

Түркістан облысындағы Жетісай ауданында мақта терімі қызу қарқын алды. Шаруалар үшін ақ алтынның алымы да жаман емес. Баға да әзірге көңіл толарлықтай. Әр келісі үшін 183 теңгеден бекітілген. Гектарынан 25 центнерден өнім алып жатқан шаруаларға дәл қазір ауа-райы қолайсыздық танытып отыр.

Биыл Жетісай ауданында 48 226 гектар ақ алтын егілген болатын. Қазір күнделікті орта есеппен 95 гектарға жуық мақта теріліп жатыр. Шаруалар 25 центнерден өнім жинауда. Биылғы жалпы меже 120 мың тонна ақ алтын алу жоспарланып отыр, деп хабарлайды otyrar.kz.

Қазір Жетісай ауданында 6 мақта зауыты мен 94 мақта қабылдау бекеті жұмыс істеп тұр. Олар шауалардан ақ алтын қабылдауда. Әзірге өткізген өнім үшін тек алғашқы үлес сомасын беріп жатыр екен. Қалғанын келісімшарт негізінде толықтай қайтару көзделген. Бірақ бұл үшін тек құжаттары түгелдей құнтталуы керек дейді мамандар.

Ақ алтын жиынындағы тағы бір өзекті мәселе ол терімнің жағдайы. Қазір ауданда 200-ге жуық комбайн іске кіріскен. Оның өзі жеткіліксіз. Жиын кезіндегі қосымша көмекші болатын терімшілердің де мәселесі мәз емес. Қол күші аз. Ал теру бағасы әр келісі үшін 35 теңге.

Қалай дегенмен де, биылғы жиын-терімнің нәтижесі дихандардың өз несібесіне байланысты болып отыр. Алда ауа-райы тұрақты болса, жер емген жұрттың жұтап қалмасы анық. Өйткені биылғы мақтаның шығымы жаман емес.

Мақсат Жақсыбайұлы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *