Жаңа жұмыс орындары көптеп ашылуда

Бүгінде Түркістан облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 128,3 мың бірлікті құраса, жыл басынан бері облысымызда 18 485 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде 10 989-ы тұрақты жұмыс орны саналады.  Төлеби ауданында да кәсіпкерлікті дамыту бағытында жұмыстар атқарылып жатыр. Нақты дерекке сүйенсек, Төлеби ауданында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 8065 бірлікті құрап 2017 жылдың тиісті кезеңіндегі көрсеткіштен 11,1 пайызға көбейді. Кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 2018 1 қыркүйекке дейін 15944 адамды құрады. Ал жыл басынан бері ауданда 1 283 жаңа жұмыс орны ашылған. Алдағы уақытта да кәсіпкерлікті дамыту шеңберіндегі шаруаларды ширатқан жөн. Аудан тұрғындары негізінен ауыл және мал шаруашылығы саласында еңбек етеді. Кәсіпкерліктің көрігін қыздырып жүргендері де жетерлік. Қызмет көрсету, кондитерлік цех, жылыжай шаруашылығы дамытып отырғандардың қарасы қалың. Алдағы уақытта кәсіпкерлердің қатары тағы да арта түспек. Өйткені мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге көптеген жеңілдіктер қарастырылғалы отыр. Бүгінде барша қазақстандықтар Жолдаудағы алдымызға қойылған міндеттерді орындауда. Жолдауды насихаттап халыққа дұрыс жағынан жеткізе білу біздің міндетіміз.

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *