Сыртқы нарықта өз позицияларын нығайтуға мүмкіндік берді

Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы мен KazakhExport арасындағы өзара әрекеттестік өңірдегі үш компанияның сыртқы нарықта өз позицияларын нығайтуға мүмкіндік берді

Түркістан облысының үш экспорттаушы компания – «Шымкентмай» АҚ, «HILL Corporation» ЖШС және «Bal Textile» компаниясы  KazakhExport ұсынған мемлекеттік экспорттық қолдау құралдарын пайдаланып үлгерді.

Бір жыл бұрын отандық өсімдік майын өндіруші «Шымкентмай» қаржы тәуекелдерінен қорғанып, сыртқы сауда операциялары бойынша төлемдерден сақтандыруды қамтамасыз ететін және экспорттық операциялардың қауіпсіздігіне кепілдік беретін «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-мен шарт жасасқан болатын.

«Біз осы мәселе бойынша компанияға толық қолдау көрсеттік, «KazakhExport» сақтандыру компаниясының мемлекеттік экспорттық қолдау құралдарын түсіндірдік. «Шымкентмай» компаниясы «KazakhExport» экспорттық сақтандыру құралы арқылы жұмыс істеуді жоспарлап отырған клиенттер тізімін жасады. Шарттар мен кепілдіктер толығымен қанағаттандырылды, өйткені клиенттің қаржылық міндеттемелерін орындамаған жағдайда өндіруші шығындары азайтылады», – деп атап өтті облыстық Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Бақытжан Сейтынбетов.

Экспорттық несиелерді сақтандыру келісімшарты «Шымкентмайға» мерзімін ұзарту бойынша төлемдер жүргізу жағдайында импортшыларға сату көлемінің ұлғаюын қамтамасыз ететін, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстанның нарықтарында біздің өндірушіміздің позициясын нығайтуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, Шымкентмай «КЭГ» АҚ айналым қаражатын толықтыру үшін экспортқа дейінгі қаржыландырудың алғашқы траншын алды. Экспортты ұлғайту үрдісін көре отырып, компания «KazakhExport» компаниясымен ынтымақтастықты жалғастыруды жоспарлап отыр.

«Біздің кәсіпкерлеріміз, өкінішке орай, «KazakhExport» қызметін белсенді пайдаланбайды. «Бәйтерек» ұлттық холдингі құрамына кіретін осы экспорттық сақтандыру компаниясының қызметі экспорттауды ілгерілету, атап айтқанда, экспорттық келісімшарттарды сақтандыру, экспортты ынталандыру, өнімдерді экспорттау үшін пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау болып табылады», – дейді Кәсіпкерлер палатасының  жобаларды сүйемелдеу  бөлімінің басшысы Олжас Жансейітов.

KazakhExport сақтандырудың артықшылықтарын сезінген Түркістан облысындағы алғашқы компаниялардың бірі «Хлопкопромцеллулоза» жергілікті мақта өңдеу компаниясы болды. Ол экспорттаушының несиесін және экспорт алдындағы қаржыландыруды сақтандыру сияқты қаржылық сақтандыру өнімдерінің артықшылығын пайдаланды. «KazakhExport» компаниясының кейбір сақтандыру өнімдерін қолданған Кентау трансформатор зауыты шетелдік әріптестер зауытпен есептеспеген жағдайында көмектескен. Бүгінгі күні зауыт трансформаторларды Ресейдегі дистрибьюторларға сатуда.

 

Бүгінгі таңда мемлекеттік экспортты қолдау құралдарын пайдаланған компаниялар табысты жұмыс істеуде. «Шымкентмай» АҚ өз өнімдерін Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанға экспорттайды. Мотор майы өндірушісі «HILL Corporation» ЖШС және экспорттық несиелерді сақтандыру туралы шартқа қол қойған «Бал Текстиль» кілем фабрикасы Ресейге өз өнімдерін жеткізуде.

atameken.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *