Мектеп психологтары бас қосты

Шымкент қаласында «Право» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мектеп психологтарының арнайы кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты — қазіргі мектеп оқушыларының тәлім-тәрбиесі, олардың жат қылықтарға бой алдырмауы.  Жат ағымның жетегіне оңай еретін қоғамның аңғал тобы ол балалар. Зорлық зомбылыққа да көндігіп көңілдегісін жеткізе алмайтында сол жасөспірімдер.

Әр бала өтпелі кезеңде өзгелер оны  түсінбейтіндей күй кешеді. Дәл  осы  кезеңде жақынды жаттан іздеп өзге мәдениет,  теріс ағымға оңай ереді –дейді мамандар. Алматы, Астана қалаларынан келген лекторлар бала тәрбиесінің қыр-сырына тоқталды. Семинарда санасы уланған балаларды қайта қалыптастыру жайы кеңінен талқыланды. Жадыра Құдайбергенова, «Право» қоғамдық қорының психологы: — Семинарға  алпысқа жуық психолог мамандар келді. Әр қатысушы өздерінің ойларын ортаға салып балаларды қайта қалыпқа келтірудің тиімді тәсілдерін ұсынды. Әсіресе тұйықтана бастаған баламен бірінші ата-ана  ортақ тіл табу керектігі сөз болды, — дейді. Сондай ақ бұл басқосуда түзеу мекемелерінде жазасын өтеген жасөспірімдерді өмірге бейімдеу мәселесі қозғалды. Статистикаға сүйенсек балалар колониясында болғандардың басым бөлігі қайта қылмысқа барады екен.  «Право» қоғамдық қоры тәрбиесін қолға алған ондай балалар қоғамға тез бейімделетін көрінеді. Себебі мұнда балалардың қабілетіне  қарай  білімін қайта жетілдіріп оның ата-анасымен жеке жұмыс жасалады. Жиынға келгендер тәжірибе алмасып біліктіліктерін арттырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *