Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарманың 9 айда атқарған жұмыстары

34

Облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарманың отбасы ісі және адамгершілік-рухани дамуы жөніндегі бөлімі облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық  саясат жөніндегі комиссиясы, мемлекеттік органдармен бірлесіп, үкіметтік және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен, атап айтқанда «Қазақстан іскер әйелдер ассоциациясы» ҚБ ОҚО филиалы, «Сана сезім» Әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» ҚБ-мен тығыз байланыстығын арттыру мақсатында  ағымдағы жылдың тамыз айында 2 күндік семинар-тренингке бөлім мамандары қатысып, жәбірленушілерді түрлі ситуациялық жағдаяттардан шығару, зорлық-зомбылықтың алдын алу профилактикасы жайында жұмыстар жүргізді.      Зорлық-зомбылықтың құрбандарымен жұмыс атқаратын мүдделі органдарымен, оқыту және ағарту-ақпараттық бағдарламасын өткізу жөнінде 2018 жылға арналған бірлескен іс-жоспарына сәйкес, үстіміздегі жылдың басынан бері бөлімде 3 семинар, 1 дөңгелек үстел және 2018 жылдың 5 қыркүйегінде жастар арасында достық, патриоттық сезім, ұлттық мәдениетке баулу мақсатында „Ұрпақтар сабақтастығы мен салт-дәстүрлер құндылықтарын насихаттау“ жобасы аясында ұлттық спорт сайыстары өткізілді. Іс-шараға қатысқан 150-ден астам қатысушылардың 1,2,3 орын алған жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Сондай-ақ, 2018 жылы 6-8 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткен республикалық «Мерейлі отбасы-2018» ұлттық конкурсының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі «Қазақстан» Орталық концерт залында өткізілді. Салтанатты іс-шараға 16 облыстан 16 отбасы қатысты. Түркістан облысының Қазығұрт ауданынан қатысқан бас жүлдегер Момыновтар отбасының мерейі үстем болып, конкурс нәтижесі бойынша Момыновтар отбасы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті –Елбасы қорының арнайы сыйлығына ие болды. Ұлттық байқауға отбасы бөлімінен, ішкі саясаттан жауапты мамандар, облыс әкімдігінің әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы қатысты. Отбасы жайлы екі мақала аудандық және облыстық газеталарға жарияланды. «Қазақстан Шымкент» және «Отырар» телеканалдарынан тікелей эфирде сұхбат жасау және 1 дөңгелек үстел өткізу қыркүйек айының 27-28 күндеріне жоспарланды.

ӘПСҚ секторларында 965 кездесу, 18 дөңгелек үстел, 16 семинар, 18 сұхбат берілді, 21 мақала жарияланды, 15 аудан, қаланың орталық алаңдарында, секторларда, білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша плакаттар мен банерлер ілініп, халық арасында 600-ге жуық буклет, флайерлер таратылды. 3500-ге жуық әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, тұрмыстық  зорлық зомбылыққа, ерте жүктілік салдарына, жасөспірімдерге және әйелдерге қатысты құқықбұзушылықтан зардап шегуіне тәуелді топтардың есебіне кіреді. Аталған отбасыларға облыс бойынша   15 «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу  қызметі» секторларының қызметкерлері заңгерлік, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсетуде.

30

Қазіргі таңда «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу  қызметі» секторларының жұмыстарына зерделеу жүргізілу барысында 9 ай қорытындысы бойынша 1000-ға жуық азаматтарға заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетілді. Жастарға психологиялық кеңес беру мақсатында жеке қабылдау арқылы жыл басынан бері 100-ден астам жасқа, 1303 санды Саll-орталығы арқылы 665 жасқа тегін көмек көрсетілді. Отбасы ісі және адамгершілік-рухани дамуы жөніндегі бөлімі халық арасында отбасылық құндылықтарын,  насихаттау мақсатында «Мерейлі отбасы-2018», «Ұрпаққа тағзым», «Үлгілі отбасы»  атты іс-шаралар өткізуде.

31

Аудан, қалалардағы әлеуметтік-психологиялық секторларда жәбірленген қыз-келіншектерге құқықтық көмек көрсетіліп, зомбылықтың түрін талдап, категориясын анықтап, құқықтық және психологиялық кеңестер берілуде. Ауыл округтерінде, білім мекемелерінде тамыз, қыркүйек айларында «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты тақырыпта кездесу жиындары өткізіліп, жиынға қоғамдық ұйым белсенділері, «Аналар» кеңесінің төрайымдары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері, «Қоғамдық келісім» қызметкерлері, ауыл округ әкімдері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. Жиында әлеуметтік секторлардың жұмыс жүргізу барысы, арнайы көмек түрлері жөнінде ақпараттар, заңнамалық кеңестер берілді.

«Зорлық-зомбылықсыз Оңтүстік» атты акция аясында шілде, тамыз айларында Бәйдібек ауданының Ағыбет, Мыңбұлақ, Алмалы, Жамбыл, Ақбастау ауылдық округтерінің, Сарыағаш ауданының Абай ауылына қараста округтерінің, Қазығұрт, Төлеби, Түлкібас, Отырар, Ордабасы аудандарының халқымен отбасы құндылығын дәріптейтін батыр-аналар мен үлгілі отбасылардың, тәрие саласына жауапты білім мекемелеріндегі мамандары, ауыл имамы, учаскелік полиция қызметкерлерінің   қатысуымен дөңгелек үстелдер, кездесу жиындар өткізілді.  Жиынға 5 мыңнан астам азаматтар қатысып, жиын барысында  арнайы әзірленген анықтамалық парақшалар таратылды.

Ерте жүктіліктің алдын алу бойынша Бәйдібек ауданында бүгінгі таңға дейін 4 жасөспірім қыз тұрмыс құрып ерте жүктілік бойынша ауруханаға тіркелгендігі анықталды. Психолог маман отбасын құрған жасөспірім қыздардың тұрғылықты мекен жайына барып отбасы мүшелерімен жолығып, қазіргі таңда қоғамда болып жатқан түрлі жағдайлардың алдын алу мақсатында тұрмыс құрған қыздан және жолдасының қолынан тілхат алып, кәмелет жасқа толған күннен бастап неке куәлігін алуға өтініш жасауға кеңес берді.

Ерте жүктіліктің алдын алу, жастармен әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында облыс психологтарының қатысуымен 15 семинар-тренинг өткізілді. Яғни, ерте жүктілік көрсеткіштерін салыстырмалы түрде зерделеу жүргізу барысында анықталғаны жалпы 2018 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша жүктілер регистрінде тіркелген жасөспірім жүктілер саны 370    (2017жыл — 235): олардың ішінде 15 жастағылар – 3, 16 жастағылар   –  72, 17 жастағылар – 295, барлығы 370 ерте жүктілік фактісі тіркелді. Аудан, қалалар бойынша ең жоғары көрсеткіш Мақтарал ауданында (58), Түркістан қаласында (46), Сарыағаш (46), Сайрам (24), Төлеби (23), Ордабасы (20) аудандарында.

Облыстық жастар ресурстық орталығында облыстың  435 психолог мамандары кәсіпкерлік санатын көтеру мақсатында біліктілік арттыру курстарынан өткізіліп, білім беру ұйымдарында жұмыс жасауға жіберілді (okojastar@mail.ru).   2018 жылдың 8 айында, облыс көлемінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 22 (2017 ж. — 9) болып, яғни 13 қылмысқа өскенін  байқалады. 2018 жылдың 8 айында тұрмыста жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша  азаматтардан  келіп түскен арыз-шағымдар 13,1 пайызға (4661-ден 5270-ке) көбейді; 5208 тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адам ішкі істер органдарына жеткізіліп, барлығына қорғау нұсқамасы шығарылды (2017 ж. — 4210). Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін облыс көлемінде ҚР ӘҚБтК-нің 461 бабымен – 162 (2017 ж. — 149)  тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2018 жылдың 8 ай мерзімінде облыс көлемінде әйелдерге қарсы жасалған 6003 құқық бұзушылықтар тіркелінген (2017ж. – 5803); оның ішінде тұрмыстық қарым-қатынаста 1483 (2017ж. – 1307); қылмыстық іс қозғалғаны 2544 (2017ж. – 2709). 2018 жылдың 8 ай мерзімінде облыс көлемінде ІІО-ның есебіне — 460 қолайсыз отбасы есепке алынды (2017ж. — 475). Балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127 бабы бойынша 121 ата-анаға әкімшілік шара қолданылды (2017ж. — 385). Сонымен қатар, 32 жасөспірімге (2017ж. — 12)  қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды.  Бүгінгі таңға дейін Түркістан облысында заңды некеге 920 000 мыңға жуық отбасы тіркелді. Оның ішінде заңды жас отбасылардың саны 3000-ға жуық, ал 18 жасқа дейін заңды некеге 23 әйел тіркелген. Аудан, қаладағы әлеуметтік-психологиялық секторларда ай сайын заңды некеге тұрған жас отбасылардың тізімі жасақталып, «Бақытты отбасы», «Отбасы берекесі» атты тақырыптарда 20-дан астам кездесу, жиындар мен ашық  сұхбаттар ұйымдастырылып өткізілді.

Әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында бүгінгі таңға дейін 1500 отбасыға және сол отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларға тамыз айында аудандардағы ірі кәсіпкерлердің қолдауымен «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, балаларға мектеп құралдары мен  мектеп формалары табыс етілді.

Отбасының құндылығын дәріптеу мақсатында Отбасы күніне орай аудандық перзентханада дүниеге сәби алып келген 15 анаға әлеуметтік сектор мамандары арнайы сый-сияпаттар көрсетілді (Бәйдібек, Мақтарал, Сарыағаш, Арыс). 2018  жылы  28 тамыз күні Түлкібас ауданында Қазақстан Республикасының Конститутция күніне орай Ардагерлер кеңесі мен аналар алқасымен бірлесіп, ауыл тұрғындары арасында  дөңгелек үстел өткізілді.

«Әлеуметтік – психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторлары  салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру, әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету, сүйемелдеу бағыттары бойынша жұмыс жүргізіп, әлеуметтік мәселелерді шешуде жәрдемдеседі. «Әлеуметтік – психологиялық сүйемелдеу қызметі»  секторына  қызмет алуға келген азаматтарға жеке жұмыс жоспары мен  мониторинг толығымен жасалынады. Аудан көлеміндегі ауыл округтерінде ТЗЗҚ–ын зерделеу жұмыстары жүргізіліп, аудандарда ыстық нүкте картасы жасалынған.

 Әлия БИБОЛОВА, 

Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарманың отбасы ісі және адамгершілік-рухани дамуы жөніндегі бөлімнің бас маманы                 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *