Салық төлеушілердің назарына!

Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 1029 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.

Аталған бұйрыққа сәйкес,  барлық салық төлеушілерді кезең-кезеңмен онлайн бақылау-касса машиналарын қолдануға өткізу көзделген.

Атап айтқанда, 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап, 323 қызмет түрімен айналысатын салық төлеушілер;

2019 жылдың 1 шілдесінен бастап, 86 қызмет түрімен айналысатын салық төлеушілер;

2019 жылдың 1 қазанынан бастап, 224 қызмет түрімен айналысатын салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану қажет.

Толық ақпартты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz ресми сайтынан немесе 56-12-16 нөмірі арқылы алуға болатынын хабарлаймыз.

 

Абай ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

«Ақпаратты қабылдау және беру орталығы»

 бөлімінің басшысы  Б. Утембаев

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *