Дүниежүзілік банктің аналитиктер тобының зерттеуі бойынша Қазақстан бизнесті жүргізу жағдайының қолайлылығы бойынша 36 орынды иеленіп отыр.

Doing Business («Бизнесті жүргізу»). Дүниежүзілік банктің (World Bank) аналитиктер тобы жыл сайын әлемнің 190 елдерінде бизнесті жүргізу жағдайының қолайлылығын зерттеу жүргізеді. Анализ 10 индикаторлар бойынша жүргізіледі. Анализ есепте жасалып әдетте күзде «TheQuarterluJournalofEconomics» (QJE 1886 жылдан бері шығарылады) атты ежелгі ағылшын тіліндегі экономикалық ғылыми журналында басылып шығарылады.

Анализ іс жүзінде елдердің үкіметі өткізген реформалармен бірге, кәсіпкерлердің Дүниежүзілік банк сарапшыларының сұрастыруына қатысушылардың пікірлерін салыстыру арқылы өткізіледі. Осындай объективті анализ бәсекелестік артықшылықты және қай елдің болса да экономикасының инвестициялық тартымдылығын анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеулерде анализдан басқа кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын себептер, оларды жеңу бойынша ұсынымдар, іскер климаттың әрі қарай дамуы жолдары көрсетіледі.

Әр түрлі елдердің үкіметі үшін кіші және орта бизнесті реттейтін нормативті актілерді және олардың заңдарын пайдалану тәртібін қайта қараудың қажеттілігін білдіреді.

Қазақстан сонымен қатар бизнесті жүргізу бойынша қолайлы жағдайды пайдалану бойынша рейтингте қатысады. 2018 жылы біздің ел 36 орынды иеленіп, Белоруссия (38 орында), Армения (47 орында), Қырғызстан (77 орында) Еуразиялық экономикалық одақ елдерін озып түсті.

Саралауда орын жоғары болған сайын бизнес жүргізуде реттеу климаты жақсара түседі.

Ел индексі – ол 10 индикаторлар бойынша орташа көрсетілім, олардың әрқайсысы тең салмақты.

Қазақстан рейтингтегі 190 елдің арасында «Миноритарлық инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша 1 орынды иеленді. Республика екінші жыл «Келісім шарттарды орындау» индикаторы бойынша (6 орын) алғашқы ондыққа еніпотыр. «Меншікті тіркеу» индикаторы бойынша еліміз 17 орынды алды.

Қазақстан «Төлем қабілетсіздігін шешу» индикаторы бойынша 39 орын, «Кәсіпорындарды тіркеу» бойынша – 41, «Салық салу» бойынша — 50, «Құрылысқа рұқсаталу» бойынша — 52, «Электр желілеріне қосылу» бойынша — 70, «Несиеалу» бойынша — 77 және «Халықаралық сауда» бойынша 123 орыналды.

Біздің Республикада бизнестің жағдайына үлкен көңіл бөлінеді. Үкіметтің, бизнесмендердің, азаматтардың күшімен біздің мемлекет бәсекеге жарамды әлемнің 30 елдері қатарына кіруі қажет. Ең алдымен бұл мақсат қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған.

Елдің бизнес-климатын жақсартуға пайдаланылатын «Doing Business рейтингі.

Рейтинг 10 индикаторлар бойынша құрылады:

  1. Кәсіпорынды тіркеу
  2. Құрылысқа рұқсат алу
  3. Жекеменшікті тіркеу
  4. Несие алу
  5. Инвесторларды қорғау
  6. Салық салу
  7. Халықаралық сауда
  8. Келісімдерді орындау
  9. Төлемге жарамсыздықты жою
  10. Электрмен қамтамасыз ету жүйесіне қосылу

«Doing Business» рейтингі тұтасымен кәсіпкерліктің барлық өмірлік кезеңін, ашылуынан бастап жабылуына дейін, талдап шығуына мүмкіндік береді.

«Doing Business» бағалауына қатысатын елдердің саны үнемі өсіп тұрады.

 

Арұят Қамардинұлы-Шымкент қаласының 

Әділет департаментінің тіркеу қызметін

ұйымдастыру бөлімінің бас маманы 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *