Елбасының жолдауы-халқын қолдауы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында да  халықтың әл — ауқатын одан әрі арттыруға ерекше назар аударып отыр. 2019 жылдың 1 қаңтарынан  бастап ең төменгі жалақы көлемі 1,5 есеге, ақшалай есептегенде 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін көбейтіледі. 275 мыңдай бюджеттік қызметкерлердің айлығы 35% өспек. Осы мақсатқа ел қазынасынан 2019-2021 жылдарға  6 миллиард теңге бөлінбек.

Жолдауда сондай-ақ, еліміздің бизнес саласына жеке инвестицияларды тарту тапсырмасы міндеттелді. Кәсіпкерлік сала қарқынды дамыса, жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай туады.  Осы ретте  Елбасы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының жұмысын  2025 жылға дейін ұзарту қажеттілігін жеткізді. Оны іске асыруға қосымша 30 миллиард теңге бөлу қарастырылмақ. Бұл 3 жыл ішінде  22 мыңдай жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Өндірілген өнімнен түскен қаражатта  еселенеді. Салық түсімі де көбейеді. Импортты азайтып,  халық тұтынатын тауарларды Қазақстанда көптеп шығару. Бұл Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауында айтқан тапсырмаларының бірі. Экономиканы ілгерілетуге бағытталған стратегиялық құжат қазақстандықтардың көкейіндегісін дөп басты.

Елбасы және де агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру үшін ауыл шаруашылығындағы  өңделген тауар  экспортын  2022  жылға дейін  көбейтуді тапсырды. Мемлекеттік қолдаулар шараларын заманауи агротехнологияларды енгізуге бағыттау, Аграрлық секторда әлемнің озық тәжірибелерін енгізу мәселесі айтылды. Осы орайда, Елбасы үкіметке 3 жыл ішінде қосымша 100 миллиард теңге қарастыруды   тапсырды.  Мемлекет басшысы мәлімдеген міндеттемелер іске асса, әлеуметтік саладағы  өзекті мәселелер түбегейлі шешімін таппақ. Бұл маңызды құжат мемлекеттік қызметкерлерге жауапкершілік жүктейді.

Міне, осылайша Жолдау 2018 жылдың басым-бағыттарын айқындап берді. Сөз соңында, Президент жоғарыда айтылған міндеттерге баршамыздың жұмыла кірісуіміз керек екенін қадап айтты.

 Бекзат Абуханов– Әл-фараби  ауданы

Әділет басқармасының іс-қағаздар

жүргізу жөніндегі инспекторы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *