Кәсіпкерлер назарына!

ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы 2019 жылы 21 қаңтарда қабылданып, 2019 жылдың 4 ақпанында  күшіне енді. Осы заңмен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу  барысында бас тарту негіздеріне  елеулі өзгерістер енді.

Атап айтқанда, осы заңға сай,  Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 11 бабының 4)- тармақшасына келесі мәтінде толықтырулар енгізілген:   «Осы тармақшаның күші, жаңа құрылтайшылары (қатысушылары) және (немесе) үлесті иеліктен шығаратын адамдары атқарушылық құжат бойынша борышкер болып табылатын шаруашылық серіктестіктеріндегі құрылтайшылар (қатысушылар) құрамының өзгеруі негіздерін қоспағанда, заңды тұлғаларды қайта тіркеу жағдайларына қолданылмайды;»

Бұл дегініміз, шаруашылық серіктестіктері қатысушылар құрамының өзгеруіне байланысты қайта тіркеу туралы өтінішпен жүгінген жағдайда,  қатысушылар құрамынан шығып жатқан және жаңадан қабылданып жатқан құрылтайшылары (қатысушылары) атқарушылық құжат бойынша борышкер болып табылса бас тартуға негіз болып табылады.

Алдыңғы заң нормаларымен айырмашылығына тоқталатын болсақ,  егерде қатысушысы қайта тіркеу барысында өзгермеген жағдайда, өзгермеген қатысушысының атқарушылық құжат бойынша борышкер болса да бас тартылмайды.

 

 

Шымкент қаласы әділет департаментінің бас маманы П.Ермаханқызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *