Рухани жаңғыру — туған жер тұтастығы мен ел болашағының негізі

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы — биылғы жылғы Елбасы Жолдауының рухани жалғасы. Екі тарау мен алты тармаққа, алты тапсырмаға құрылған Елбасы бағдарламасы – рухани кеңістігіміздің жаңа жаңғыруының жарқын нышаны! «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» атты бірінші бөлімнің «Бәсекелік қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Сананың ашықтығы» атты алты тармақ және «Таяу жылдардағы міндеттер» атты екінші бөлімдегі ойлар мен идеялар ұлттық мемлекеттілікті нығайту мен сақтаудың айқын да нақты көрінісі. Бұл еңбегінде Нұрсұлтан Назарбаев елес идеологияларға ермей, заманға сай амал етуге үндейді. Таяу он жылдықтың ұраны реализм мен прагматизм болуы керек дегенді меңзейді. Ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, өткеннің кейбір кертартпа тұстарынан арылуымыз керек дегенді айтады. Бұл рухани жаңғырудың жалғыз шарты. Президент мақаласы Қазақстан халқының мінезін, сындарлы ұлттық басымдықтарды қамтып, ұлттың мәдени кодын көрсетеді. Президент біздің негізгі рухани құндылықтарымыздың даму бағыттарын баяндаған: ғылым, мәдениет, білім. Еліміздің әр азаматы үшін бағдар болып отырған бірігудің және жалпы ұлттық ұқсастықты нығайтудың жаңа концепциясы ұсынылған.  Елбасының мақаласында белгіленген бағдарламалық мақсаттарды іске асыру жастарда патриотизм мен азаматтық ұқсастық сезімін одан бетер нығайтады. Қазақстан халқының қоғамдық келісімінің және бірлігінің нығаюына жағдай жасайтын болады. Патриотизм ортақ тарих пен мәдениеттен, тілден, отбасынан бастау алады. Белсенді жасампаз патриотизм елдің жетістіктерімен, біздің заманымыздың қаһармандарының нақты істері мен қуаттанып, нығайтылуы тиіс.  Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Елбасы аталған мақаладан жаңаша бастау алатын «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр. Әрбір азаматты өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндейді.  Ұлттық сананы жаңғыртқанда өзіміздің, қазақстандық дербес даму үлгісін қалыптастыруымыз керек екендігін айтып отыр Елбасымыз. Бұл дегеніміз – қазақтың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, ең бастысы, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақи рухымызды жаңғырту.

Абай  ауданы бойынша Мемлекеттік

 кірістер басқармасының бас маманы М.Айтбаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *