ХАБАРЛАНДЫРУ

Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығына сәйкес Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала ретінде жіктелді, ал Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістанға өзгертілді және оның әкімшілік орталығы Шымкенттен Түркістан қаласына көшті.

Осы Жарлыққа сәйкес келтіру мақсатында:

Салық кодексінің 505-бабының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылған, оған сәйкес Шымкент (республикалық маңызы бар қалалар деңгейіне) және Түркістан (облыс орталықтарының деңгейіне) қалалары үшін елді мекендер жерлеріндегі (үй маңындағы учаскелерді қоспағанда) жер салығы бойынша базалық салық мөлшерлемесі көтерілді.

Салық кодексінің 529-бабының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылған, оған сәйкес Шымкент (республикалық маңызы бар қалалар деңгейіне дейін) және Түркістан қалаларының (облыс орталықтарының деңгейіне дейін) тұрғынжайлардың, саяжай құрылыстардың бір шаршы метрдің базалық құны көтерілді.

Бұл ретте, Салық кодексінің 505-бабы 1-тармағының және 529-бабы 2-тармағының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрады, сондай-ақ тоқтатылу кезеңінде осы нормалар Еңгізу туралы Заңның 43-1 және 44-3 баптарында көзделген редакцияда қолданылады.

Осылайша, бұл өзгерістер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өтпелі кезеңмен енгізілетін болады. 2019 жылы жоғарыда келтірілген жер салығының базалық мөлшерлемесі және жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша салық базасын анықтау үшін құрылған тұрғынжайлардың, саяжай құрылыстардың бір шаршы метрдің базалық құнының мөлшері бұрынғы қалпында қалады.

 

 

Шымкент қаласы бойынша  МКД

Түсіндіру жұмыстары

басқармасының басшысы                                                             Р.Алеева

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *