Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану.

Мемлекеттік кірістер органдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану стратегиясы мен тактикасы, сондай-ақ оның қызметі оның жұмыс істеу тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

Стратегияның мақсаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін басқаруға, іске асыруға және одан әрі жетілдіруге басқарудың бірыңғай тәсілдерді белгілеу болып табылады.Стратегия санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, карантиндік, фито санитариялық, радиациялық бақылау (қадағалау) саласындағы тәуекелдерді қоспағанда, тәуекелдерді басқару жүйесінің (бұданәрі – ТБЖ) жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

Осы Стратегияның мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1)автоматтандырылған тәуекел бейіні – тәуекелдерді басқарудың бақылау жүйесіне енгізілген, ақпараттық жүйе арқылы қолданылатын тәуекел бейіні;

2)автоматтандырылмаған тәуекел бейіні  – тәуекелдерді басқарудың бақылау жүйесіне енгізілмеген, қағаз тасымалдағыш арқылы қолданылатын тәуекел бейіні;

3)тәуекел бейінін оңтайландыру — тәуекел бейініндегі мәліметтерді өзгерту жолымен өзектендіру, не тәуекел бейінін жою;

4)іске қосылған тәуекел бейіні – кедендік декларациядағы мәліметтердің тәуекел бейініндегі мәліметтермен сәйкес келуі.

Мемлекеттік кірістер органдарында ТБЖ қолданудың стратегиясы мынадай негізгі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:

1)Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын әлеуетті мүмкін болатын бұзушылықтың жоғары ықтималдылығымен тәуекел саласын айқындау;

2) тәуекелді барынша азайту бойынша тиісті шараларды әзірлеу және енгізу;

3)кедендік бақылау объектілерінің, кедендік бақылау нысандарының тиімді таңдалуын қамтамасыз ету;

4)мемлекеттік кірістер органдары ресурстарының тиімді пайдалануын қамтамасыз ету және тәуекелдің жоғары деңгейі бар салаларға назар аудару;

5)тәуекелдерді барынша азайту шараларын қолдану қажеттілігі анықталмаған тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуін тездету мен оңайлату үшін жағдай жасау.

Мемлекеттік кірістер органдары ТБЖ-н тауарларды, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, кедендік бақылауға жататын құжаттармен адамдарды, сондай-ақ

Осыларға қолданылатын кедендік бақылау нысандарын және кедендік бақылауды жүргізу дәрежесін айқындау үшін қолданады.

Кедендік бақылау кезінде ТБЖ қолдану екі бағытта: тауарлар шығарылғанға дейін және шығарылғаннан кейін жүзеге асырылады.

Тауар шығарылғанға дейін кедендік бақылауды жүргізген кездегі ТБЖ жұмыс істеу тәртібі лауазымды тұлғалардың мынадай әрекеттерін қамтиды:

1) кедендік бақылау объектілері туралы, жасалған кедендік операциялар және тауар шығарылғанға дейінгі сияқты шығарылғаннан кейін жүргізілген кедендік бақылаудың нәтижелері туралы әртүрлі көздерден алынған ақпаратты жинау және өңдеуді;

2)мемлекеттік кірістер органдары жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижелерін талдауды;

3) тәуекелдер тізілімін құруды;

4) тәуелкелдерді бағалау, тәуекел аясын және индикаторларын анықтау үшін талдау жүргізу, сондай-ақ тәуекелдерді барынша азайту  бойынша шаралар қолданудың нәтижелерін болжауды;

5) кедендікоперациялардыжасайтынтұлғалардыолардытәуекелдіңтөменгі, орташанемесежоғарғыдеңгейінежатқызужолыменсанаттауды;

6) тәуекелбейіндерінәзірлеудіжәнебекітуді;

7)автоматтандырылған тәуекел бейіндерін мемлекеттік кірістер органдарының тиісті ақпараттық жүйлеріне енгізу, автоматтандырылмаған тәуекел бейіндерін тиісті аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына тәуекелді сәйкестендіру үшін жолдауды;

8) іске қосылған тәуекел бейіндері бойынша кедендік бақылау объектілерін таңдауды және тәуекелдерді барынша азайту бойынша шаралар қолдануды;

9) іске қосылған автоматтандырылған тәуекел бейіндерінде тәуекелдерді барынша азайту бойынша шараларында көрсетілген жүргізілген кедендік бақылау нысандарының нәтижелерін тиісті ақпараттық жүйелерге енгізуді;

10) іске қосылған автоматтандырылмаған тәуекел бейіндерінде тәуекелдерді барынша азайту бойынша қабылданған шаралардың нәтижелері туралы есеп ұсынуды;

11) қолданыстағы тәуекел бейіндерінің мониторингін жүзеге асыруды.

Қолда бар тәуекел бейіндерін одан әрі қолданудың тиімділігіне және тәуекелдерді барынша азайту бойынша шараларды қолданудың нәтижелеріне талдау нәтижелері бойынша мынадай ұсыныстар әзірленеді:

1) жаңа тәуекел бейіндерін          әзірлеу туралы, қолданыстағы тәуекел бейіндерін өзектендіру туралы немесе тәуекел бейіндерін жою туралы;

2) ТБЖ-ны жетілдіру және тиісті ақпараттық жүйені жаңғырту туралы.

Тауар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүргізген кездегі ТБЖ жұмыс істеу тәртібі лауазымды тұлғалардың мынадай әрекеттерін қамтиды:

1) тәуекелдерді анықтау мақсатында кедендік бақылау объектілері туралы, жасалған кедендік операциялар туралы ақпаратты жинау және өңдеуді;

2) тәуекелдеңгейінанықтаужәнебағалауүшінталдаужасауды;

3) кедендік тексеруді жүргізу үшін объектілердің таңдауын (тәуекел бейінін әзірлеместен және бекітпестен жүзеге асыра алады);

4) жүргізілген кедендік тексерулердің нәтижелерін бағалауды және талдауды.

Мемлекеттік кірістер органдары ТБЖ жұмыс істеу шеңберінде ТБЖ-нің жұмыс істеу мониторингі мен есепке алуын жүзеге асырады.

ТБЖ-нің жұмыс істеу мониторингін және есепке алуды жүзеге асырудың мақсаты кедендік бақылау кезінде тәуекел бейіндерін қолдануға бақылауды қамтамасыз ету жәнеТБЖтиімділігін арттыру болып табылады.

ТБЖ-нің жұмыс

Істеу мониторингі және есепке алу кедендік бақылау кезінде тәуекелдерді азайту жөніндегі шараларды қолдану нәтижелері туралы есептерге талдау жүргізуді көздейді.

 

Шымкент қаласы бойынша  МКД

Түсіндіру жұмыстары

басқармасының басшысы                                                 Р.Алеева

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *