Сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік касірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысының бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты аландататыны анық..

Қазіргі уақытта Қазақстан Орталық Азия өңірінде ғана емес,тұтастай алғанда ТМД бойынша  да жемқорлыққа қарсы неғұрлым мықты дамыған заңнамасы бар ел болып табылады.

Кеселдің тамырына балта шабу үшін жазылған заңнамалық актілер азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауыпсіздігін қамтамассыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың жолын кесу, кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың тиімді қызметін қамтамассыз етуге бағытталған.

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттік бәсекеге кабілеттігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні белгілі. Ең бастысы адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына заң мен шындыққа, келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді.

Бүгінгі таңда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы функциясын құқық қорғау органдарының жұмысы тұрғысынан ғана қарау мүмкін емес. Қазіргі таңда мемлекет басшысының бастамасы бойынша басталған әкімшілік және конституциялық реформаларды іске асыру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл әкімшілік реформалардың мәні мен мазмұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған.

Елбасы Қазақстан халқына арнайы биылғы жолдауында «Демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болды» деп атап көрсеткен. Яғни,бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күрес үшін халықтың құқықтық  сауатсыздығын жоятын, құқықтарын түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері кажет. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ . Азаматтық қоғамның барлық  институттарының күш-жігерін біріктіру, осы деректің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың халықаралық тәжірибесімен барлық амалдарын қолдану арқылы гана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады

Осыған байланысты Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы аталған заң талаптарын орындау барысында әрдайым үлес қосып келеді. Өз бақытымыз өз қолымызда құрметті салық төлеушілер!

 

Абай ауданы бойынша Мемлекеттік

 кірістер басқармасының бас

маманы Ғ.Урпеков

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *