ҚЫТАЙ МЕДИЦИНАСЫНЫҢ СИҚЫРЫ

Шығыс медицинасының ем-домы және оның нәтижелері көпшілікті таңқалдырады. Сондықтан да оның сиқыры бар деседі. Дегенмен бұл ғажайып емес. Бұл мыңдаған жылдар бойғы еңбек пен зерттеулердің нәтижесі. Яғни, минералдар мен темірлердің, флора мен фаунаның емдік қасиеттерін ұштастыра білген шығыс медицинасының шынымен де сиқыры бар.

Дәстүрлі қытай медицинасының басты қағидасы  ауруды емес, адамды емдеу.

Еуропалық ем-домның негізі химиялық дәрі-дәрмекпен, түрлі құрылғылармен әсер етіп емдеу болып табылады. Алайда емдік шараның бұл түрі дертті жазбақ түгілі, дертіңе дерт жамап беруі әбден мүмкін. Мәселен, медикаментозды ем-домның бүйрекке кері әсері бар.

Ал дәстүрлі қытай медицинасы ауруды жеңуге емес, адамның ағзасында соны жеңетін иммунитеттің, дәлірегі күштің пайда болуына бағытталады.

Шымкентте бұл бағытта дәрігер Ли Цинюй жұмыс істейді. Ол Қытайда туып-өскен. Бертін келе Қазақстанға көшіп келген. Сөйтіп көп жылдан бері түрлі клиникаларда  инемен емдеп жүрді. Оның жалпы еңбек өтілі 35 жыл. Осы аралықта ол ем-домның өзіндік тәсілін ойлап тауып, соны тәжірибесінде қолданып жүр. Яғни ол ине шаншу, моксотерапия, шөппен емдеу, тамшылатып дәрі жіберу, электрофорез, уқалау, инемен уқалау, екпе егу сияқты түрлі әдістерді қолданады.

Осыдан 9 жыл бұрын дәрігер Ли Шымкентте өзінің «Дәстүрлі қытай медицинасы» клиникасын ашты. Осы уақыт аралығында оған 5000-нан астам науқас қаралған. «Менің емім өзгелерге көмектесіп, олар дертінен айыққанда менің төбем көкке бір елі жетуге жақын болады. Және сол үшін өмір сүруге болады» дейді ол. 

Оның жанында ізбасары қызы бар. Лиля Қытайдағы медицина университетін тәмамдаған. Қазір әкесінің жанында, қолғабыс болып жүр. Оның жаңашылдыққа,  жаны құмар. Бүгінде осы қасиетінің арқасында Лиляның қызметіне көңілі толатын, алғысын жаудыратын науқастар көп. Мұнда емделуге келіп, дертіне шипа тапқандар осы жерге қайта қайта келуге құмартып тұрады.

Утанова Рано, 54 жаста (Түркістан облысы, Жетісай қ):
«Осыдан төрт жыл бұрын бетім ісіп, қолым жансызданып қалды. Шымкентте тұратын құрбым Замира үйінің жанында «Дәстүрлі қытай медицинасы» клиникасының бар екенін айтып, осында қаралуымды өтінді. Осылайша мен Ли дәрігермен таныстым. Ол бірден қан жіберіп, ине шаншып, моксотерапия тағайындады. Шөптен жасалған шайларын ішуге кеңес берді. 10 күннен соң  өзімді жақсы сезіндім. Дәрігер ем-домды қайта жасау керек екенін ескерткен болатын. Алайда еш жерім мазамды алмаған соң қайта дәрігерге қаралуды жөн көрмедім. Араға 4 жыл салып дертім қайта бас көтерді. Ісік пайда болды. Аяқ-қолым жансыздана бастады. Ол аз болғандай остеохондроз пайда болды. Аяғым ісіп, бас айналу пайда болды. Ұйқым қашты. Сөйтіп, клиникаға қайта келдім.  Ем-домның 10  күні сиқырлы ем (қан жіберу, ине шаншу, моксотерапия, шөп шай, шөптен жасалған дәруменді тапшылатып егу) қайта өз нәтижесін бере бастады. Жағдайым жақсарды. Дәрігер Лиге және оның қызы Лилияға алғысым шексіз. . Мейірбикелерге де дән ризамын. Олар сондай жақсы, ақкөңіл, еңбекқор жандар».

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *