АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ТОП ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАРМЕН АШЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бүгін Шымкентке арнайы келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі жанынан құрылған республикалық ақпараттық — ағартушылық штабының мүшелері кездесуін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің студенттерімен жалғастырды.

Штаб басшысы Ырза Тұрсынзада, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілі А.Бердалин, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали, Ақпараттық-ағартушылық штабтың қалалық өкілдері 500-ге жуық студенттермен кездесіп, патриоттық рухпен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру маңыздылығына тоқталды.

Ырза Тұрсынзада Штабтың құрылу мақсатымен таныстыра келе, жастарды еліне адал, жанашыр болуға шақырды.

«Ақпараттық-насихаттық штабы халықпен сындарлы диалог құру және кеңейтілген ақпараттық іс-шаралар арқылы парасаттылық қағидаттарын дамыту мақсатында құрылды» — деді Штаб жетекшісі.

Сондай-ақ, Ол парасаттылық құндылықтары бойынша әр бала үйден тәрбие алып, әр бір студент жасқа оқу орнында дұрыс бағыт-бағдар берілсе елімізде жемқорлық болмайтынын айтты.

Қалалық ақпараттық-ағартушылық штабтың басшысы, Университет проректоры С.Мәжінбеков студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, сонымен қатар, адалдық принциптерін енгізу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Кездесу барысында жастарға ерекше сенім білдіре отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда белсенді түрде жұмыла күресуге шақырды.

Одан әрі, қонақтарға жоғарғы оқу орнында ашылған жастар бойында адалдық, парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Парасат» басқармасы мен «Адалдық дүкендерінің», студенттерге қызмет көрсету орталығының  жұмысы таныстырылды.

Студенттерге қызмет көрсету орталығы «бір терезе» қағидасы бойынша студенттерге сапалы және жылдам қызмет көрсетуде. Аталған орталықта  ашықтық пен қолжетімділікке жағдай жасалып, қызмет көрсетудің жоғары стандарттары қамтамасыз етілген. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға, білім беру сапасын арттыруға және академиялық адалдық қағидаттарын ілгерілетуге жағдай жасалған»,- дейді Университет өкілдері.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *