«Егер сіз бақытсыздығыңыздың себебін білгіңіз келсе – айнаға қараңыз!»

Айнаға қарап, өзіңе баға беру қиын. Ендеше, мынаған жауап беріңізші. Сіздің өміріңіздегі ең жақын адамдарыңыз кім? Мұны сұраған себебіміз мынау: адамның мінезі, өзіне деген қарым-қатынасы,  өзін бағалауы, жан-жағындағы адамдармен байланысы, еңбекке деген көзқарасы әу баста жақын жандарының ықпалы арқылы қалыптасқан дүниелер. Иә, біздің болмысымыз бен жаратылысымыз әке-шешеміздің қанымен келгені сөзсіз. Біз баламыздың анасын, немесе әкесін өзіміз таңдаймыз, яғни болашақ жарымызды таңдай аламыз. Ал, баланы қолдан жасаймыз. Яғни, баланың болашағына әсер ететін – ата-анасы дегіміз келеді. Бұл өте үлкен жауапкершілік.

 

Психологқа екі ұлы бар ана келіп сұрапты: «Балам келешекте жақсы тұлға болып өсу үшін, өзіне сенімді, бақытты, еңбекқор, табыскер, нағыз ер азамат болуы үшін барымды жасап жатырмын. Мен осының жемісін көре аламын ба?» Сонда дәрігер-психолог былай деген:

—           Ал, сіз өзіңіз мына өмірде бақыттысыз ба?

—         Жоқ.

—         Табыстысыз ба?

—         Жоқ.

—         Өзіңізге сенімдісіз бе? Өзіңізді бағалайсыз ба?

—         Жоқ.

Оның түпкі себебіне үңілгенімізде, бұл әйелдің күйеуі ішімдікке үйір болып шықты. Ал, әйелі отбасының «арбасын» сүйрейді, таңнан кешке дейін ақша табуы үшін еңбек етеді, не тамаққа, не киімге жеткізе алмай жанталасып жүгіреді, ал отағасы ылғи жұмыссыз, үйге ішіп келіп, қолындағы сырасымен диван үстінде жатады… Күндегі көрініс осы. Азып-тозып жүрген әйел-ана, әйелдің мойнына асылып отырған еркек-әке. Міне, балалар күнделікті осы көріністен көріп өседі. Олардың жадында осы өмір сақталады. Әрі қарайғы өмірінде осы картина көз алдарында болады. Өйткені, балалар бұдан бсқа өмір көрген жоқ. Ал, ауызбен айтылған «жарқын болашақ» ол сөз жүзінде ғана. Сөйте тұра әйелі балаларының болашағы жарқын, алда «тамаша өмір» күтіп тұрғанынан үмітті болады. Әйел неге кереметтерге сенеді?

Себебі, мұндай жағдайда түбінде керемет боламыз деп ойлайды? Ол бұл талпынысы бекер әурешілік екенін түсінбейді. Егер әйел ауырып қалатын болса – отбасы мүшелері, күйеуі мен балалары оған қол созудың орнына – керісінше, одан бетер қамшы басып, әрі қарай жұмыс істеуіне итермелейді. Оның ауруына да мүмкіндік болмайды.

Мұндай жағдайда ең сорақысы – әйел өзін бақытсыз және осы өмірінен бас тартқысы келіп ғана қоймайды, өзінің әйелзаты екенін сезіне алмайды. Ішкі жан-дүниесінде әйел өзінің қиындықтарын жеңіп жатқанын «мақтаныш» етеді және өзіне ұқсас құрбылары оған «түсіністікпен» қарап, жанын ұққандай сырласады. Күйзеліске тап болған, күйеуінің жұдырығы тиген, отбасында айқай-шуы көп әйел енді балаларынан үміт күте бастайды. Өзі жетпеген жетістікке балаларым жетеді деп ойлайды.
Алайда… Сөз бен үміт ештеңе бермейді деп айттық. Тек қимыл, әрекет ғана сенімді ақтайды. Балаларыңыздың алдында қандайсыз, қалай ұстайсыз, қандай үлгі көрсетіп жатсыз? Сол ғана оларға – БОЛАШАҚ. Сол үлгі деп есептеңіз. Үнемі қабағы ашылмайтын, жүйкесі тозған ана, әйелін жерден алып-жерге салып отыратын, көңілі толмайтын, намысына тиетін сөздер айтатын әке… бала үшін беделді отбасы бола алмайды. Осындай сәтте бала кімнен үлгі алады? Әрине, жан-жағынан, көшеден, басқа адамдардан… Ал, басқа адамдар болса, шын мәнінде үлгі болуға лайықты екен деп ойлап қалмаңыз… Адамдардың бәрі бірдей емес. Әр адамның кемшілігі де, артықшылығы да болады.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *