«Мен сені жақсы көремін, құлыным!»

Баланың бойында сенімділік қалыптасып, ол өсе келе ортасында өзін еркін сезіне алатын, ертеңгі күні перзентіңіз көш бастайтын азамат, парасатты ұл-қыз болып ержетсін десеңіз, осы бастан оған қандай сөздер айта бастау қажет екенін біліп жүргейсіз. Ата-ана мен бала арасында үйлесім болған шақта ғана балаңызға мына сөздерді айтыңыз:
1. Мен сені жақсы көремін, құлыным.
2. Ештеңеге қарамастан сені жақсы көремін, ботам.
3. Маған өкпелеп қалсаң да, мен сені жақсы көре беремін.
4. Тіпті, сен мені ренжітіп қойсаң да, мен сені жақсы көретінімді біл.
5. Сен менен алыста жүрсең де, мен сені жақсы көремін, қайда жүрсең де мен әрқашан сенімен біргемін.

  1. Егер маған жер бетіндегі кез-келген баланың біреуін таңдап алу құқығы берілсе, мен бәрібір сені таңдар едім.
  2. Балапаным, қошақаным, ботам, қарғам, күнім, құлыным, айнам…
    8. Рахмет.
    9. Бүгін сенімен бірге ойнағаным сондай ұнады.
    10. Өткен жолы екеуміз бірігіп жасаған жұмыстарымыз есіме түсіп отыр, ол маған сондай ұнаған еді…

Сондай-ақ оған әңгімелеп беріңіз:

  1. Дүние есігін шыр етіп ашқан күнін (егер асырап алған болсаңыз, оны алғаш үйге алып келгендегі қуаныштарыңызды, қандай сезімде болғаныңызды).
    12. Қызылшақа кезінде оған қалай қарағаныңызды, қалай жуындырғаныңызды, әлдилегеніңізді айтып беріңіз…
    13. Оған қалай ат таңдағаныңызды, атын кім қойғанын ақтарыла айтыңыз.
    14. Оның осы жасында сіздің өзіңіздің қандай болғаныңызды айтыңыз.
  2. Атасы мен әжесімен қалай кездескенін айтыңыз.
    16. Қандай түсті ұнататыныңызды айтыңыз.
    17. Кейде сізге де қиын нәрселер кездесетінін….
    18. Оның қолынан мықтап ұстап тұрып, үш рет қысып қалсаңыз, бұл балаңызды жақсы көретін белгі екенін құпия ретінде айтып қойыңыз…
    19. Қандай жоспарыңыздың бар екенін…
    20. Қазір қандай жұмыстармен айналысып жүргеніңізді айтыңыз.

 

 

Балаңызды тыңдаңыз:

  1. Көлік ішінде келе жатсаңыз да,
    22. Егер балаңыз өзінің сүйікті ойыншығы туралы айта бастаса, өйткені, бала үшін жақсы көретін ойыншығы өте маңызды.
    23. Шынымен сіздің көмегіңіз қажет болып, сізге сұрақ қойып тұрса…
    24. Шыдамыңыз жеткенше, бір секунд болса да тыңдаңыз.
    25. Ол өзінің сезімдері, нені сезінгенін айта жөнелсе тыңдаңыз оны.

Балаңыздан сұраңыз:

  1. Неге бұлай болды деп ойлайсың?
    27. Сен қалай ойлайсың, егер жағдай мынадай болса…
    28. Мұны қалай түсінуге болады?
  2. Сен бұл туралы қалай ойлайсың?
    30. Бүгін сенің есіңде қандай нәрсе қалды? Не нәрсе сақталып қалды?
  3. Сеніңше, мұның дәмі қандай? Сеніңше бұл қандай?

Балаңызға көрсетіңіз:

  1. Өзіңіз тыйым салған нәрсені қалай істемеуге болатынын алдымен өзіңіз, содан соң екеулеп жасап көрсетіңіз.
    33. Шөп арасында қалай ысқыруды.
    34. Құмнан үй, аула жасап көрсетіңіз.
    35. Тағамды, көкөністі, нанды қалай турауға болатынын.
    36. Киімді қалай үтіктеуге болатынын.
    37. Жауабын таппаған жағдайда, қай жерден қандай ақпарат алуға болатынын.
    38. Жұбайыңызға деген құрметті көрсетіңіз, отбасына деген жауапкершілігіңізді.
    38. Сырт келбетіңнің тазалығына, сұлулығына мән беру керектігін алдымен өзіңіз көрсетіңіз.
  2. Құрылыс алаңыңда қызу жүріп жатқан жұмыстарды көрсетіңіз.
    40. Құстарға қалай қарауды көрсетіңіз.
    41. Асты қалай пісіру керектігін көрсетіңіз.
    42. Маңызды жерлерге бірге баруды.
    43. Балшықты тазалауды.
    44. Берілген үй тапсырмасын тыңғылықты қалай орындауды көрсетіңіз.
    45. Балаңыз ойнап отырса, қасында біршама уақыт бола тұрыңыз, онымен бірге болу қызықты екенін бірге ойнай отырып көрсетіңіз.

Балаңызды қуантыңыз:

  1. Тосынсый жасап қуантыңыз.
    47. Құймаққа шоколад қосыңыз.
    48. Өз қиялыңызға сүйеніп, тағамның, салаттың формасын смайлик етіп жасаңыз.
    49. Оларға өз үлесіңізді қосып, көмектесер алдын, қандай да бір дыбыс белгісін, әсіресе эмоция мен қуанышыңызды білдіретін, музыкалық дыбыстар айтыңыз.
  2. Еденде, жерде бірге ойнаңыздар.

Кеудеңізден босатыңыз:

  1. Өзіңізді айыптайтын, кінә артатын сезіміңізді…
    52. Олай емес, бұлай болуға тиісті еді деген ойларыңызды…
    53. Бәрі ойлағанымдай дұрыс болу керек деген қатал ережені алып тастаңыз.

Балаңызға беріңіз:

  1. Сәбиіңізге мейірімді көзбен қараңыз.
    55. Балаңыз бөлмеге кіріп келгенде күлімсіреңіз.
    56. Балаңыз сізді құшақтап, арсалаңдап мойныңызға асылса, соған сай сізде жылылық танытыңыз.
    57. Әлденені қатаң ескертпес бұрын, ұрыспас бұрын алдымен баланы өзіңізге қаратып алыңыз, шын мәнінде сіздің айтқан сөздеріңізді тыңдау үшін
    58. Балаңызға қол ұшын бермес бұрын оның өз ашуын, ызасын басып алуына мүмкіндік беріңіз.
    59. Ұзақты кеш даладан келсе, жылы суға асықпай шомылдырыңыз.
    60. Тағы басқа қандай әдіспен баланы адамгершілікке, мейірімділікке, еңбекке баулуға болады, ата-ана ретінде ойланып көріңіз, балаңыз үшін пайдалы болып жатса, өз ойыңызды іске асырыңыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *