ТЕСТ «Өз балаңызды жақсы түсінесіз бе?»

  1. Балаңызбан келіспеушілік жиі орын алады ма?

а/  жиі

ә/  кейде

б/  сирек

  1. Күн аралығында балаңызбен қанша уақытқа  әңгімелесіп,  көңіл бөле аласыз?

а/  бір сағаттан аз

ә/  бір-екі сағат

б/  үш және одан да көп

  1. Балаңызбен әңгіме барысында қандай сөздерді көп қолданасыз?

а/  «Мен саған айттым ғой…..»

ә/  «Менің ойымша, басқаша жасаған дұрыс деп ойлаймын….»

б/  «Сен тура осылай жасауың қажет…»

  1. Сіз балаңыздың қызығушылығын неге байланысты екенін анық көрсете аласыз ба?

а/  Мүлде білмеймін, ол өзінің тірлігі.

ә/  Маған оның  нені артық көріп ұнататындары белгілі.

б/  Мен оның немен айналысатынын анық білемін

 

  1. Балаңыз сізбен ортақ іс жасауға ұмтылады ма?

а/  Жоқ, ол өз ісімен қолы босамайды және мен де өз ісіммен…

ә/  Екеуміздің өмірімізде  ортақ, бірге жұмыс жасауға бізде уақыт бар

б/  Біз барлығын бірге жасаймыз

 

  1. Қандай да бір мәселемен балаңыз сізбен ақылдаса ма?

а/  Ешуақытта

ә/  Жағдайға байланысты, кей уақытта

б/  Әрдайым ақылдасып тұрады

  1. Балаңызбен тілдесуіңіздің стилін мінездейтін фразаны таңдаңыз.

а/  Бір-бірімізді естиміз және  түсінбейміз

ә/  Айта білеміз және тыңдай білеміз

б/  Тек үлкен сөйлейді!

  1. Балаңыз күні бойы не істейтінін, қалай өткізетінін білесіз бе?

а/  Жоқ, білмеймін

ә/  Мүмкін, білермін

б/  Ия, анық білемін

  1. Балаңыз сізбен келіскісі келмесе, әдетте сіз не істейсіз?

а/  Жайына қалдырамын

ә/  Өзімнің позициямды оған түсінікті тілде айтып түсіндіруге тырысамын

б/  Үзілді-кесілді өзімнің айтқанымды жасатамын.

  1. Бір жағдай үстінде ашуланып тұрып, балаңызды ренжітіп алдыңыз…

а/  Түк болмағандай кейіп танытамын.

ә/  Дұрыс жасамағанымды айтып, осыған өкініп тұрғанымды жеткіземін.

б/  Менің сол кездегі тәртібім, мінез-құлқым жақсы ниетпен болғанына сендіремін.

 

 

    1     2   3   4   5   6     7     8   9   10
А   1     1   1   1   1   1     1     1   1    1
 

Ә

 

  3

 

    3

 

  5

 

  3

 

  3

 

  3

 

    5

 

    3

 

  5

 

   3

 

Б

 

 

  5

 

 

    5

 

 

  3 

 

 

  5

 

 

  5 

 

 

  5

 

 

    3

 

 

    5

 

 

  3

 

 

   5

 

 

 

Нәтижелері:

 

37-50 -Сіздің нәтижеңіз бойынша сіз балаңызды түсінуге тырысасыз және  бір-біріңізге құрметпен қатынас жасау моделін көрсетесіз. Тіптен қарсылық болған жағдайда да, сіз онымен келісім жасай аласыз.

 

31-36-Сіздің нәтижеңіз бала мен ата-ана арасындағы қатынаста және түсінісушілікте дистанция ұстайтыныңызды дәлелдейді. Бір-біріңіздің талап-тілектеріңізді түсіну де жоқтың қасы, осы себептен де сіздерге осыған байланысты келіспеушіліктер, тартыстар жиі орын алады. Уақыт өткізуіңізді қайта қарап, балаңызбен ынтымақтастық пен еңбектестік, серіктестік құруға уақыт тапқаныңыз жөн. Өзгеретін уақыт жетті. Балаға көңіл бөліп, оның да талаптарымен санасуға тырысыңыз.

 

25-30-Сіздің қорытындыңыз көрсеткендей, сіз балаңыздың талаптарын, тілек-армандарын түсінуден гөрі,  балаңызды әрдайым бақылап, тексеруге ұмтылатыныңыз байқалады. Сіз бала не қажет ететінін  жақсы  түсінемін, білемін деп жүріп,  оның дүниетанымын, қоршаған әлем мен ортаны тану белсенділігі мен ынтасынан айырып жатқанын түсінбейсіз. Әрине, ата-ана ретінде сүйікті  бала-шағаларыңыз үшін алаңдауыңыз түсінікті, бірақ уақыт өте келе бала өз еркіндігін үзілді-кесілді талап етуі мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *