Қалай бақытты болуға болады?

Барлығы да бақытты болғысы келеді, бірақ  ол арман орындала бермейді?  Неліктен осылай болады, қалай ойлайсыз? Қалай бақытты болуға болады? Оны қалай тауып алуға болады?

Сонымен қалай терезең тең, керегең кең, бақытты өмір сүруге  болады? Бақытты қалай табамыз?  Ең бастысы, сіз өмір деп аталатын  береке мен байлыққа қуанып, содан рахат алуыңыз  керек және әйел болып туылғаныңызға да риза болуыңыз қажет. Өмір бойы өзіңізге және өмірге, айналаңызға, жолдасыңызға   өшігіп, көңіліңіз толмай, түңілуді  қойыңыз.

Тек бір кішкентай  нұсқа бар, осыны бақытты болу үшін  міндетті түрде  әр күн сайын орындау қажет. Бұл жерде бір шарт қойылады, мұны сол бақытты әйелдер жасайды, айналаңыздың ой-пікірі мен нанымына қарамастан,  орындау керек. Бұл сіздің өміріңіз және оған тек өзіңіз ғана жауаптысыз, болып жатқан жағдайларға тек сіз өзіңіз жауап бересіз. Тек өзіңізге байланысты, өзіңіздің бақытсыз құрбыларыңыз секілді қалғыңыз келсе, онда өзіңіз білесіз.

Біз өзімізбен болып жатқанға тек өзіміз ғана жауапкершілік артатынымызды  түсінгенде ғана, өз  бақытымыз үшін өзіміз жауап беретінімізді ұғынамыз. Егер өзіміз қаламасақ, біз үшін басқа біреу келіп, бізді бақытты, өміріне разы, қуанышты етіп бермейді. Тек қана өзіміз ішімізге  қуаныш пен үйлесімділікті кіргізе аламыз. Тек қана өзіміз өзімізге айта аламыз: «Болды жетеді, бүгіннен бастап, мен бақытты әйел боламын, өзім және өмірім, өз сезімдерім үшін өмір сүремін! Бұл планетадан өзімнің сезімдерім мен еске алуларымнан басқаны ешнәрсені алып кетпеймін ғой. Осы себептен де мен өмірімді құр бекерге  еш таусылмайтын  өкпе-наздарға  жібермей,  осы кезден   барлығын, өзімді де, тағдырымды да  өзімнің қалауымша  өзгерте, қайта жасай аламын!» деп айтып көріңізші!

 «Егер өзіңіз қатты қаласаңыз, онда бақытты бола аласыз!»

Бас тартудың қажеттілігі

Мықты,  сәтті, бақытты отбасылық өмірді жасау үшін, сізге бірінші кезекте көпшілік мақұлдаған көптеген нәрседен бас тарту керек болады. Кез-келген табыс, өркендеу, бақыт және үйлесімді қарым-қатынас, байлық, тамаша денсаулық үшін  бәрі-бәрі бірінші, екінші , үшінші, төртінші кезекте –бас тарту болады.

Егер адам осы қадамдарды жасауға дайын болмаса, онда сәттілікке, бақытқа жетуде жолы болмайды. Ең алдымен өзіңізді  зерттеп алыңыз, бақытсыз, аянышты қылатын қате нанымдардан бас тартыңыз.  Өзіңізге айтыңыз: « Мен бақытсыз және өмірі азап шегуші, бәрін кінәлаушы, жазғырушы әйелдің ролінен және құрбандыққа барудан  бас тартамын. Мен енді өзіме және мен де болып жатқандардың  барлығына  өзім жауапкершілік артатынымды түсіндім.

Егер осылай қиналып, құрбанның ролін ойнауды жалғастыра берсеңіз және болып жатқандардың  бар жауапкершілігін ерлерге аудара салсаңыз, онда өміріңізде ешнәрсе өзгермейді. Және ақ аттағы  ханзада ешуақытта сізге жолықпайды.

Сондай-ақ, әкеңізге деген ашу-ызаңызды, өкпе-ренішіңізді де ішке жинап, ызаланатын болсаңыз, онда  ерлермен арадағы қарым-қатынасыңыз да дәл осы қазіргідей осы деңгейде өрбитін болады. Өміріңізде дәл қазіргідей өзіңіздің көңіліңіз толмайтын жігіттерді де  тартатын боласыз.

Әдепкі кезде өзіңіз бақытты болуды үйреніңіз және қазіргі өміріңізде бар ерлерді сыйлаңыз, ал сосын ақ пырақпен  келетін ханзадалар ар жағында өзі-ақ табылып кетеді. Қарасаң, таң сәрімен бұрын хабарласпай кеткен танысың немесе көрші кабинеттегі жігіт, әрине бұрын «байқамағаныңыз» келіп тұрады.

Бақытты әйелдер өздерін қалай ұстайды және  не істейді?

  1. Бақытты әйелдер барлығына және өзімен болып жатқанның бәріне тек өздері жауапкершілік артатынын түсінеді. Өздерінің проблемасына біреуді ешуақытта кінәламайды. Барлық жазғыруға, ашу-ызаға, ренішке, болып жатқанға өзінен сұрайды: «Бұл жағдай болғаны дұрыс болды ма, мен осыдан бір нәрсе үйренуіме бола ма? Осы болған жәйттен қандай сабақ алуыма болады және өзімде осы үшінде нені өзгертіп, қайта құруым керек» –деп өзіне сұрақ қояды.
  2. Бақытты әйелдер күн сайын өмір сүріп жүргендері бұл әдепкі кезде-бұл бейне, сурет, сценарий екенін түсінеді. Олар алдымен қоршаған ортаны жөндеу үшін, біріншіден, ойланып-толғанып, өздерінің пікірлерін  және әдеттегі мінез-құлықтарын алдымен  талдап алады. Содан жайлап өздерінің қалаған өмірімен өмір  сүру үшін сол өмір кейпін таңдап алады.
  3. Бақытты әйелдер өздеріне айтады, бақытқа лайық адаммын және осы бағытта өздеріне сондай адамдарды анықтайды, кіммен қатынас жасауды таңдап алады және тиімсіздермен байланыс жасамай қоя салады. Және олардың жанында бақытсыз және күйзеліс кезінде қолдау көрсететін адамы болады, бірақ олардың бақытын көре алмайтындары да бар. Бақытты әйелдер өздерін позитивті адамдармен қоршап алады және өздері де позитивті болып жүреді, сондай-ақ, жұртқа да қайырымдылық, игілік пен ізеттілік көрсетіп, мейірім шуағын шашады.
  4. Бақытты әйелдер барлық адамға жаға бермейтінін жақсы түсінеді, сондықтан өз бақытын құрып, өз қалауымен өмір сүреді. Себебі, олар өздерін бақытқа, махаббатқа лайық адам екендіктеріне сенімді және осы сөздерді өздеріне әрдайым қайталап отырады.
  5. Бақытты әйелдер өздеріне және өз қажеттіліктеріне сыйластықпен, әрдайым құрметпен қарайды және осы құрметті  қоршаған ортаға  нұрымен шашады.
  6. Бақытты әйелдер көп уақытын және назарын өздерінің ішкі дамуына және өсуіне бөледі.
  7. Бақытты әйелдер өзімен тұрып жатқан ер адамын әрдайым сыйлайды және өмірлік серігі туралы жағымды сөздер айтады, махаббатпен жеткізеді. Өзін кемсітуге және  ер азаматы туралы сын айтуға жол бергізбейді.

Жаттығу:

Бастапқы кейпіңізді және қазіргі бар жылдар бойы кезіккен ерлермен арадағы қарым-қатынас сценарийіңізді сезініңіз. Енді жеңілдікпен және алғыспен жүрегіңізден осы образдар мен өзіңізді бостандыққа жіберіңіз, шығарыңыз. Ол азаматқа барлығы үшін алғыс айтыңыз да, өзіңізге былай деңіз: Енді мен басқаша өмір сүрмекпін, енді өз өмірімде басқа сценарий көргіңіз келетініңізді айтыңыз. Ал енді бұл қандай сценарий, мұны сіз өзіңіз жазуыңыз керек және ол адамды  ішіңізге кіргізіңіз, сөйтіп ең азы үш ай   серіктесіңізді  еске түсіріп, елестетіп, ішкі өзіңізге бекітіп қоюыңыз керек.

Бірнеше күліп тұрған адамдардың, бақытты жұптардың суретін жинап алыңыз да,   күн сайын  түнге қарай осы суреттерді  қарап шығыңыз, сосын көзіңізді жұмып, өзіңізден сұраңыз, ал сіз қалай өмір сүргіңіз келеді? Сүйікті жігітіңіздің   құшағында тұрғаныңызды елестетіп, сезініңіз, Өз бақытыңызды сезініңіз, араларыңыздағы махаббатты, жолдасыңызға нұрын шашқан нәзіктік пен құрметті, сондай-ақ, оның да сізге берген нұр-сәулесін, махаббатын  сезініңіз. Өзіңізге мүмкіндігінше көп сұрақ қойыңыз және оған шын жауап беріңіз. Ер азаматпен арадағы қарым-қатынасыңыздың анық сценарийін күнделігіңізге жазып, ішіңізге  бекітіп қойыңыз, сосын әр күні кешке қарай денеңізді босаңсытып, көзіңізді жұмып, жаңа өзіңізді  және жаңа өміріңізді құрыңыз.

Ерлермен арадағы қарым-қатынас мінезіңізде  қандай  қате сенімдер болды, осыны түсінуге тырысыңыз. Енді қайтадан   үйлесімді қарым-қатынас  пен  бақытты кейіпті іштей  тағы да бекітіңіз.

 

Өз мінез-құлқыңызды түзеңіз

 

Өз реакцияларыңызды, өз қимылдарыңызды, сөздеріңізді жөндеңіз. Тура осылай шын мәнінде қазір болып, орындалып  жатқандай өмір сүріңіз. Мұнда бірақ ең бастысы- сіздің жолдасыңызға деген  ішкі махаббатыңыз бен құрметтеушілігіңіз маңызды.  Осыны сезініңіз, көріңіз-және осы жаңа образбен  ұйықтап, ал келесі күнге қайтадан махаббат, нәзіктік сезімімен қамқорлықпен  және мүмкіндігінше  еске алуға тырысыңыз. Ең маңыздысы бұл жаттығуда-мұны үш ай бойы әр күн сайын түнде 20 минуттай жасау керек.

Осыған ұқсас  ішкі «өзін»  алмастыру образдары туралы жаттығуларды  нақты Максуэлла Мольцаның «Психокибернетика» кітабынан оқи аласыздар. Бұл  сіздің  қолдан түсірмейтін кітабыңыз болуға жарайтын баспа.

Ең бастысы  мынаны ұмытпаңыздар- өз әкелеріңізді кешіріңіздер.

Тек жүйелілік пен   мақсаттылық қана сіздің бұрынғы қондырғыларыңыз бен сенімдеріңізді өшіруге көмектеседі. Енді сіз толық басқа қарым-қатынастың бағдарламасын құрып және бекіте аласыз, ол енді біраз  уақыттан соң, сіздің өміріңізде көріне бастайды. Ал, бұл үшін сыртқы  өмірде бір әрекет қылудың қажеті жоқ және өзіңізді басқаша жасанды түрде  ұстаудың қажеті жоқ. Ең алдымен шыдамдылық танытып, осы үш айды өзіңізге арнаңыз, осы аралықта сіз өзіңізді, өзіңіздің әуелгі көзқарас, ойларыңызды күн сайын ұғына, тани бастайсыз және  жаңа образ, жаңа бағдарламалар мен өз өміріңізде жаңа сценарийлер құрасыз.  Уақыт өте келе, іштей мінез-құлқыңыздың  өзгергенін байқайсыз, содан өміріңізде де өзгерістер өздері-ақ болып жатады, оны да аңғарасыз.. Ең бастысы, мынау есіңізде болсын, басында бірінші  өзіңізді іштей  қайта жасайсыз және сонда ғана өміріңізде өзгерістер бола бастайды.

 

Анастасия Гай, психолог

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *