«Қоғамдық бақылау-чекті талап ет» пилоттық жобасы аясында акция басталды.

2018 жылы  бақылау-кассалық машинасын қолдану тәртібі бойынша ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық Кодексі) өзгерістер енгізілген болатын.  Салық Кодексінің 166 бабына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi. Осы Заң негізінде 14- бабының, 5 тармағына сәйкес,  «Функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды қолдануға және оларды қолданудың осы Кодексте белгіленген тәртібін сақтауға» -деп көрсетілген Заң өзгерістеріне сала мамандары салық төлеушілерге егжей-тегжейлі түсіндіріп, қажет болған жағдайда Заңды интернет желісінен қайта оқып шығуларына болатынын қадап айтқан болатын. Алайда, бақылау кассалық машианаларын қолдану әдістерін жеке кәсіп иелері түсінбегендіктен бе сауда орындарында, дүкендерде фискалды  чектер кей жағдайда ұрылмай жатады.

Осы бағытта елімізде Функціиясы бар бақылау касса машиналарының фискалды чек бермеу фактілерін анықтау бойынша   «Қоғамдық бақылау-чекті талап ет» пилоттық жобасы аясында акция өткізіліп жатыр.

Осы акцияны Шымкент қаласының Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы да өз кезегінде қолға алып, сауда-саттық орындарында, дүкендерде акция жөнінде  түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды. Акция барысында фискалды чек өзекті мәселеге айналып отырғанын халыққа және салық төлеушілерге бүге-шүгесіне дейін айтып ұғындыру  әңгіменің басты арқауы  болмақ.

Егер Сауда үйлерінде  немесе дүкендерде, шағын маркеттерде БКМ фискалдық чегі берілмеген жағдайда, азаматтар осы бұзушылықтарға шағымды бейнематериал арқылы қоса бере отырып, wipon бағдарламасы арқылы суретке де түсіріп жібере алады.

 

Сәбит Әлімжанұлы-Шымкент қаласының Абай ауданы

бойынша Мемлекеттік Кірістер басқармасының

бас маманы    

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *