Жастарға арналған жиын

Жастар саясатын қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сондықтан да бүгінде жастарға барынша қолайлы жағдай жасалуда. Олардың білім алып, қоғамның бір кірпіші болып қалануы үшін атқарылып жатқан шаруа аз емес. Жуырда Шымкент қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Шымкент политехникалық колледжінің кіші мәжіліс залында жиын өтті. Шымкент қаласы, Еңбекші ауданында орналасқан шаруа қожалықтарының иелерін және кәсіпкерлікке ынтасы бар жастарға өз ақыл кеңестерін айтты. Шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай жасалып отырған шақта түрлі бағдарламалар бар екендігін, ол бойынша түрлі жеңілдіктер алып, кәсіп бастауға болатындығын тілге тиек етті. Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекет тарапынан көрсетілген көмек түрлері және аз пайызда берілетін несиелерді алу жолдарын түсіндіру мақсатында  өткен жиынға жастар көптеп қатысты. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту атты семинар-кеңесте айтылған әрбір ақыл кеңес жастарды жігерлендіріп, Отаны үшін, туған жері үшін тындырымды тірліктер атқарып, көшбасшы болуға үндеді. Алдағы уақытта да жастарға берері мол мұндай тағылымды кештер көптеп ұйымдастырылатын болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *