Мамандар бағдарламаны қолдайды

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» реформасына сай, экологиялық тәрбиені насихаттап, Жер Ананың құрдымға кетпеуіне күш салатын мамандар келелі кеңестерімен бөлісуде. Шөп дәрілерін заманауи әдістермен өндіру бүгінде кең көлемде қолға алынған. Елімізде өсетін 6 мыңнан астам өсімдік түрінің 500-дейінің дәрілік қасиеті бар. Кең байтақ өлкеміздің әр өңірінде табиғатына тән дәрілік өсімдіктер өседі.  Табиғаты ерекше Шымкент өңірінде де дәрілік шөптердің сан алуан түрі өседі. Шымкентте шөп дәрілерін өндіретін өндіріс орындары баршылық. Соның бірі — «Зерде-Фито» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Мұнда шикізаттың 120 түрі бар. Жылына 1000 тоннаға жуық шикізат өңделіп, дәрілік өсімдіктің 250 түрі өндіріледі. Мұнда өндірілген  шикізаттың пайдасы өте көп. Дәрілік химиялық заттарға қарағанда, бұл жердегінің құрамында 100 пайыз табиғи зат. Сондықтан  организмге пайдалы. Оның ішінде ешқандай химикаттар жоқ. Табиғи таза. Серіктестік мамандары бүгінде елімізде қолға алынған түрлі бағдарламаларға қолдау білдіріп отырады. Жуырда ғана «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын мамандар болып кең көлемде талқылаған болатын. Экологиялық өмір салтын сақтап, өмір сүру қағидаттарын жаңғырту да – ұрпақ алдындағы жауапты міндет. Басты бағдарламаның да көздегені осы.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *