Жастар қоғам қайраткерімен кездесті

Шымкент аграралық колледжінің басшылығы Сарыағаш және Бәйдібек аудандарының «Құрметті азаматы», «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі Оразкүл Асанғазықызына оқу орнының жетістіктерін айтып, алға қойған жоспарларымен таныстырды. Сөз басын рухты, жалынды ұранмен бастаған Оразкүл Асанғазықызы жастарға тіл қасиетін ұғындыру мақсатында өзінің жүрегінен шыққан жалынды идеялар мен терең ойларды ортаға салды. «Кез келген ұлттың рухы мықты болса, тілі де мықты болады. Тіл деген — ұлттың жаны, рухы. Ұлттық қасиет ұлттың тілінде сақталады. Ең бай тіл бірінші — араб тілі, екінші – ағылшын тілі болса, үшінші – қазақ тілі. Қазақ тілі əрі мемлекеттік, əрі анаңның тілі. Рухым жандансын десең, алатын биік мақсатқа жетемін десең барлық іс-тірлігімізді мемлекеттік тілде жасау керекпіз» — деп айтып өтті. Оразкүл апайдың ұлтқа деген сүйіспеншілігінің өзі жастарға үлгі болды. Сөзін «Бүгінгі таңда Шымкент қаласында мемлекеттік жастар саясаты қарқынды жүргізілуде. Жастарымызға мемлекетіміз жасап отырған жағдайлардың арқасында ертеңгі болашағымыз алаңсыз білім алып, жұмыс атқаруда » дей келіп, әрі қарай студенттердің сұрақтарына жауап берді. Айта кететін жайт, қарастырылып отырған мәселе өзінің өзектілігімен студент жастардың қатты қызығушылығын туғызып, кездесу соңы қызу пікірталасқа ұласты. Студенттердің сұрақтары да көп болды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *