Мамандар бағдарламаны қолдайды

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында арнайы жиын өткізді. Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басқан шақта жауапты мекеме жұмыссыздықты жойып, халықтың әлеуметтік әлеуетін арттыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқаруда. Бағдарламаның жүгін көтерген мақалада Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялаған Елбасы «Біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдары бар» -екендігін айтқан болатын. Елбасы саясатына айырықша қолдау білдіретінін жеткізген мекеме қызметкерлері алдағы уақытта атқарылар ауқымды шаруаларды бір пысықтап алды. Саяси және экономикалық жаңғыру кезеңінде жұмыс ырғағын жеделдетіп, әлеуметтік мәселелердің түйінін тарқату да мекеме қызметкерлеріне сын. Сондықтан да алдағы уақытта жұмыссыздықтың азаюына септесіп, экокномиканың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосу басты міндетіміз дейді қызметкерлер. Лекция оқылып болғаннан кейін жиналысқа қатысушылармен пікір алмасу және сұрақтар қойылып, оларға жауаптар берілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *