Бағдарлама аясында семинар ұйымдастырылды

Шымкент қаласында мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасының ұйымдастыруымен «Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалы мақаласы аясында семинар өтті. Іс-шара конференциясы Әдет-Ғұрып және Салт-Дәстүр орталығында бастау алды. Бүгінгідей рухани жаңғыру жолына түскенде ұлттық құндылықтарымызды насихаттау аталмыш орталықтың міндеті. Бұл тарапта ұлттық орталық ауқымды шаруалар атқарып отыр. Орталық қызметкерлері Елбасы мақаласын тереңнен саралады. Бұдан кейін семинар Тарихи-Өлкетану мұражайында да жалғасын тапты. Мұнда жуырда ғана «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі кешен көрмесі өз жұмысын бастаған болатын. 2018 жылдың мамыр айына дейін жалғасын табатын көрмеде «Елбасы қызметінің хроникасына» таныстырылды. Сонымен бірге, семинарға қатысушылар шетел президенттерінің Елбасымызға берген 40-қа жуық наградаларды тамашалады. Арнайы кітапхана мен филиал кітапханашылары, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен бірге «Қазына» этно-мәдени саябағын аралады. Күннен-күнге көркейіп келе жатқан Шымкент қаласындағы көрнекті орындардың көбеюіне Елбасының сарабдал саясаты себеп десті жиынға қатысушылар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *