Еске алу шарасы өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы Қабанбай батыр даңғылында орналасқан, Чернобыль cаябағында Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан азаматтардың ерлігін еске алу митингісі өтті. Іс-шараға Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданы әкімдігі мұрындық болды. Аталмыш шараға әкімдік қызметкерлері, Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мен қаланың 150 белсенді студент жастары қатысты. Митинг барысында осы апатта қаза тапқан жандарын пида еткен, жақындарын жоғалтқан, өз ерліктерімен көзге түскен ардагерлерді еске алу болды. Ардагерлер өз басынан өткен оқиғаларын айтып, жастармен бөлісті. Осы ардагерлер үшін дастархан жайылып, соңы концерттік іс-шараға айналды. Жастардың қоғамдағы кез-келген мәселені назардан тыс қалдырмай өзіндік үн қатулары сүйсіндіреді. Бұл да болса Шымкент қаласында мемлекеттік жастар саясатының жемісті жүзеге асып жатқандығының белгісі болса керек. Жастар өз кезегінде аға буынның көрсеткен үлгі өнегесін ту етіп, ізін басып келеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *