«АСТАНА — БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» АТТЫ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ

Бас қаланың басты мерейтойына шымкенттіктер де атсалыспақ. Бүгінде қала аумағындағы барлық мектеп, орта арнаулы кәсіптік колледждер мен жоғары оқу орындарында түрлі іс шаралар өткізілуде. Мектеп оқушылары Астананың 20 жылдық мерейтойына арнап өлеңнен өрнек өріп, жырдан шашу шашуда. Жуырда Шымкент қаласындағы №85 орта мектепте «Нұр Отан» партиясы «Достық» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдығына арналған «Астана – болашаққа бастар жол» атты өнер фестивалі болып өтті. Фестивальге мектеп оқушылары, ұстаздар, партия белсенділері, ардагерлер, партияның Шымкент қалалық филиалының жауапты қызметкерлері және БАҚ өкілдері, барлығы 200-ден аса адам қатысты. Бас қаланың мерейтойына арналған фестивальге мектеп оқушылары қызу дайындықпен кірісіпті. Бас қалаға арналған өлеңдерін оқып, ән шырқап, мың бұрала билеп өз өнерлерін ортаға салды. Өз кезегінде аға буын өкілдері еліміздің бүгінгі жеткен жетістігі, қол жеткізген табыстары туралы термелеп берді. Одан бөлек Астананың аз ғана уақыт ішінде көркем қалаға айналғанын да тілге тиек етті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *