Болашақтықтар әрдайым алда

«Болашақ» жоғары колледжінде «Тәуелсіз Қазақстан-жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы» тақырыбында ХVІ ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті. Конференция мамандықтарға байланысты 4 секцияға бөлініп өткізілді. Экономикалық және гуманитарлық пәндер секцисы, Педагогикалық және тіл пәндер секциясы, Жаратылыстану және техникалық пәндер секциясы, Медицина және спорт секциясы. Секция бойынша өз ғылыми жұмыстарын жеке-жеке қорғап шықты. Білім алушылардың білімге деген ізденістері, озық ойлы жастардың ізденімпаздығы, шығармашылығы барлығы олардың жасаған еңбектерінен көрініп тұрды. Біздің болашағымыз жастар қолында деген сөзді, бүгінгі жұмыстарымен тағы да бір рет айқындай түсті. Білім алушылар жоспар бойынша өз баяндамаларын оқып, көпшілік талқысына ұсынылды. Ғылыми жетекшілердің басшылығымен даярланған жұмыстар конференция тақырыбына сай инновациялық жобаларға бағытталды. «15-18 ғасырлардағы қазақтардың әдет-ғұрып құқығы» тақырыбындағы ғылыми жұмысында ҚТ-9-17 тобының білім алушысы Шалдар Алия 15-18-ғасырдағы қазақ заңдарын қазіргі заңдармен байланыстырып, тақырыбын толық аша білді. Қаратаев Нұржан «Құқық бұзушылық қайдан шығады?» тақырыбындағы ғылыми жұмысында қазіргі құқық бұзушылықтың қайдан шығатыны туралы кеңінен айтылды. Бейнероликтер арқылы көрсетіп, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарын атап көрсетті. Ғылыми жетекшілердің басшылығымен даярланған жұмыстар конференция тақырыбына сай инновациялық жобалар және оқыту ісінде ақпараттық құралдар мен технологияларды тиімді пайдалану ісіне бағытталды.Шымкент қаласында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы жоғары деңгейде жүргізілуде. Әрбір колледжде өткізіліп жатқан кішігірім ғана жобалардың өзі жастар саясатының нәтижелі жемісін көрсетіп тұрғандай.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *