Әскери дала жиыны өтті

Шымкенттегі Жол – көлік колледжінде 6 күндік әскери оқу дала жиынының жабылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынға колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.С. Қамбарбеков қатысып, құттықтау сөз сөйледі. 6 күндік әскери оқу дала жиынын жоғары деңгейде өткізгені үшін жауапты оқытушыларға өз алғысын білдірді. Қорытынды ретінде 6 күндік әскери оқу дала жиынының жабылу салтанатында колледждің студенттері әскери іс-қимылдар мен жауынгерлік дайындықтың түрлерінен үзінділер көрсетті. Бүгінгі жас сарбаз ертеңгі елдің қорғаны. Сондықтан да олардың бүгінгі әскери дайындықтарын пысықтау маңызды міндеттің бірі. Олар әскери дала жиынында әскер өмірінде күнделікті қолданылатын қару түрлерін қалай қолдану қажеттігін, сапта жүру тәртібін, жалпы әскери өмірдің қыр сырына қанықты. Ертеңгі күні әскер қатарында абыройлы қызмет ету үшін бүгінгі дайындықты пысықтаудың қаншалықты маңызды екендігін ұғынуда. Сондықтан да колледж оқытушылары студент жастардың бұл маңызды жиынына өте мән береді. Жыл сайын маңызды жиынды өткізуді жоғары деңгейде ұйымдастырып келеді. Жастардың әскери өмірге дайындығын пысықтау жастар саясатының маңызды бағыттарының бірі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *