«Рухани жаңғыру» елдіктің тірегі

Жуырда Шымкент қаласында «Өрлеу» мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институтының ПҚБАИ қызметкерлері мен Шымкент қалалық білім бөліміне қарасты №87 Циолковский атындағы жалпы орта мектебінде «Ұлттық тәрбие-рухани жаңғыру: білім мен тәрбиенің көкжиегі» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында жас ұрпақтың бойында еліміздің даму тарихы, Ұлттық код, ұлттық сана сезімін жаңғырту, саяси сауаттылығын ояту, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын жандандыру жағдайында тәрбие сағаттары өтті. Мұндай тәрбие сағаттарының жас ұрпаққа берер пайдасы көп әрине. Әсіресе ұлттық құндылықтарды арттыру отбасы тәрбиесінің маңызын арттыру да нәтиже бермек. «Сен өзгерсең, сенің әлемің де өзгереді», «Рухани жаңғырудың жарқын болашағы», «Лидер Reader ON» ең үздік оқырман байқауы,«Под единым шаңыраком» кешенді іс – шарасы ұйымдастырылды. Тақырыбы ауқымды іс шараларға оқушылар да ұстаздар да белсене қатысты. Нәтижесінде рухани жаңғыру бағдарламасы аясында атқарылып жатқан «Мәңгілік ел» жалпыұлттық құндылықтарын, жас ұрпақ бойына біліммен тәрбиені ұштастыра отырып жалғасын тапты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *