«Бір өлең-бір сурет» жас суретшілер байқауын тамашалаңыздар!

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы  аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ОҚО бейнелеу өнері музейінің ұйытқы болуымен шымқалада жас суретшілер байқауы өтеді. 16 мамыр күніне белгіленген бұл сайыс ақын Құрал Көмектің шығармашылығына арналады. Байқауда жас суретшілер бағын сынап, бағалы сыйлықтарға ие болады,-дейді ұйымдастырушылар.  Астананың 20 жылдығына орай ұсынылатын  туындылар іріктеліп, сайыстан оза шапқан мықтылар ғана өз өнерлерін Астананың мерекелік кешінде тарту-таралғы ретінде ұсынатын болады.  Мұндағы мақсат-бармағынан бал тамған өнер майталмандарын анықтап, оларға қолдау көрсету. Сондай-ақ, жас таланттардың шабыттарын шыңдап, мұндай шара арқылы оларға күш-жігер беретін қамқорлықты сезіндіру. Өнерлі жастарды Отансүйгіштікке баулу мақсатында еліне деген, жеріне деген махаббатын сурет арқылы бейнелегенін тамашалап, туындының тарихына да үңіле отырып,  халыққа жеткізу білуіне де мән беру болып табылады.  Жас таланттардың шығармашылығын елге танытудың бірден-бір жолы осындай додаларды көптеп өткізу,-дейді ОҚО бейнелеу өнері музейінің ұжымы. Қазіргі таңда аламан бәйгенің дайындығы қызу қарқынды түрде жүргізіліп келеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *