Әйелдер кеңесі өтті.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласы және «бес әеуметтік бастама» үндеуі аясында Еңбекші ауданындағы белсенді әйелдердің қатысуымен конференция болып өтті.

Жиынды аудан әкімі Ғ.Ільясов ашып, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографилық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Г.Әбілдаеваға  сөз ұсынды. Жиын барысында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы да сөз болып, облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы-Б.жандосова және қалалық мәслихат депутаты Төреайым Сұлтановалар да өз ойларын ортаға салды. Қазіргі отбасы және балалар психологиясы әңгіме арқауына айналып, ерте жүктілік мәселесі де қозғалды. Жастарды қазіргі таңда не толғандыруы мүмкін?-деген сауалға жауап іздеген нәзік жандылар ата-ана ролінің маңыздылығын алға тартты. Көп жағдайда әке-шеше балаларына көңіл бөлмейді. Осы себептен де, балақайлар өз білермендігімен өмір сүріп жатыр. Ал аналар сары ала етек, сарпытаң күй кешіп, ала дорбасын арқалап, кеш жамылып үйіне оралады. Одан үй қамымен бала тәрбиесіне уақыт таба алма,андықтан,  жастардың құқық бұзушылығы да күн санап өсіп келеді-деді қатысушылар. Осы сынды көптеген түйткілдердің түйінін тарқатып, аудан әкімі жиын қорытындысын таразылап, ұсыныс-пікірлерді тыңдады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *