Ордабасы тауына үш бидің ескерткіші орнатылатын болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірліктің бастауы болған Ордабасы тауының биігіне үш бидің ескерткіші орнатылуда. Жоба аясында үш би ескерткіші мен келушілер үшін жаяу жүргіншілер және автомобиль жолдары салынатын болады. Осылайша тарихи аймақ жаңғыртыла отырып, туристер келіп тамашалайтындай абаттандырылған орынға айналмақ.
Елбасымыз өзінің «рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған тарихта түрлі рөл атқарған қасиетті орындарды қолға алып, оны дамыту арқылы келешек ұрпақтың бойына сіңіру және соның аясында отандық туризмді де дамыту қажет,-деді. Ал Ордабасы тауы – халық келіп рухани тынығатын, рух жинайтын, ойын тазартатын орынға айналады. Үш бидің ескерткіші қорықтың ең биік нүктесіне орнатылатын болады. Нысанның биіктігі он жеті шаршы метрді құрайды. Жалпы қорық аумағында жоспарланған жобалау жұмыстары 85,9 гектарды қамтиды. Оның ішінде жаяу жүргіншілерге арналған жол ұзындығы 2415,4 шаршы метр, ал автомобиль жолының ұзындығы 3129,5 шаршы метр болады деп жоспарлап отыр.  Сонымен қатар, жобаның екінші кезеңінде мұнда этноқалашық, музей мен амфитеатр салу жоспарлануда.
Еске салсақ, биыл үш жүздің басын қосқан Ордабасыда түркі тілдес үш елдің басшыларының бас қосқандарына 25 жыл толады. 1993 жылы Қазақстан, Өзбекстан және Қырғыз Республикасының Президенттері осы тарихи орында кездескен еді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *