Тарихи-мәдени ескерткіштердің 80 пайызы Оңтүстікте

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының : «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы тура біздің өңірге арналып айтылғандай. Олай дейтініміз, тап осы бағдарламаның нәтижесінде өңіріміздегі туризмді дамытудың жолы айқындала түсті.

«Көне заманнан тарих пен руханияттың орталығына айналған Оңтүстік Қазақстанда республика бойынша тарихи-мәдени ескерткіштердің 80 пайыздан астамы орналасқан. Сондықтан, өлкемізде туризм индустриясын жан-жақты дамытуға барлық мүмкіндіктер бар. Бүгінгі күні осы бағытты дамыту үшін 3 басымдыққа көңіл аударылып отыр. Біріншісі, туристік инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде серпінді жобаларды жүзеге асыру. Олар Түркістан, Шардара, Сарыағаш, Қасқасу кешендері. Екіншісі, қызмет көрсету сапасын арттыру болса, үшінші басымдық өңірдің туристік әлеуетін насихаттау және жарнамалау болып табылады».

Облысымыздағы тарихи мәдени ескерткіштер мен көне шаһарларды жандандыру арқылы, 2021 жылы ішкі туризм көлемін 220 000 адамға және кіру туризмінің көлемін 20 000 адамға арттыру көзделіп отыр. Алдағы уақытта бағдарламада көзделгендей әрбір қазақ өзінің туган жеріне деген сағынышын жерін түлетуге аянбай еңбек ететіні ақиқат. Ол өз еліне деген патриоттық сезімнен туындайтыны да сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *