Шымкент қаласында «Мерейлі отбасы-2018» байқауы өтті

Жылдағы дәстүрге сай биыл да Шымкент қаласында «Мерейлі отбасы-2018» ұлттық байқауы өткізіліп, үлгілі отбасылардың анықталды. Мерейлі отбасы атанған жеңімпаздарды Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр салтанатты түрде марапаттап, арнайы диплом мен қаржылай сыйлық табыс етті.

Сонымен үш кезеңнен тұратын байқауға қала мен ауданнан 38 жанұя ұсынылып, оның ішінде 30 отбасы үздік деп танылды. Ал осылардың арасынан Қазығұрт ауданынан келген Мұхтар Момынов пен мақтааралдық Сапаралы Серікбаевтар жанұялары мерейлі отбасы атанып, 1 000 000 теңгеден қаржылай сыйлыққа ие болды. Осылайша, екі отбасы қыркүйек айында Астана қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды. Бұдан бөлек, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық қорытынды кезеңіне қатысқан барлық 28 отбасыға облыс әкімі Ж.Түймебаевтың Алғыс хаты мен 200 000 теңге қаржылай сыйлық табысталды. Елбасы жарлығымен бастау алған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының мақсаты бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің маңыздылығын арттыру, отбасылық өмір салты, ата-аналық парыз, жауапкершілік секілді ұғымдарды ел санасына сіңіру, әсіресе жастарға жеткізу, жарасымды жанұя құндылығын кеңінен насихаттау болып табылады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *