Жастар саңлақ спортшымен кездесті

  1. Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен қала жастары саңлақ спортшы, аса ауыр салмақта қазақтан шыққан шебер боксшылардың бірі , «Парасат» орденімен иегері Ділдәбеков Мұхтархан Қабыланбекұлымен кездесті. Кездесі Шымкент аграрлық колледжінің оқу залында өткізілді. Қазақстанға еңбегі сіңген, намысын абыройымен қорғаған спортшы әуесқой бокстан әлем чемпионатының және Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері. Танымал боксшы спорт саласына келудегі мақсаттарын, шаршы алаңдағы шеберлік сырларын әңгімеледі. Салауатты өмір салтын ұстану жөнінде жастарға ақыл кеңестерін айтты. Жастардың қызығушылықпен қойған сұрақтарына зор ынтамен жауап беріп, мейлінше спортпен айналысып, денені шынықтыруларын сұранды. Сондай-ақ, М.Ділдәбеков  көп жылдан бері бокстан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы қызметін атқарып келеді. Осы жылдар аралығында талай өренді тәрбиелеп, бәйгеге қоса білді. Спорт мектебінде қазірдің өзінде боксшының талай шәкірттері қанаттарын қатайтып жатыр.

6

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *