Жеті білім ұясының басшысы қала әкімнің арнайы қабылдауында болды.

Қала басшысы мектеп директорларының  құрметті демалыстарына шығуына байланысты, арнайы қабылдап, қошемет көрсетті. Жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетіп, білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беруде орасан еңбектерін ерекше  атап өтті.

Мұндай игі шара жаңа әкімнің бастамасымен сарын алып, алғаш рет ұйымдастырылып отыр. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»-демекші, шыдамдылық пен мейірімділік төгілген ұстаздың балаға деген жанашырлығы, оның жан-дүниесін түсіне отырып, оны жеке тұлға ретінде  жан-жақты дамытуда еңбектері айрықша. Әр балаға әртүрлі жол тауып, оның мінез-құлқының тәлім-тәрбие арқылы өзгеруіне бірден-бір септігін тигізетін мұғалім өзі екенін  жақсы түсінеді. Елбасымыздың да «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында  тайға таңба басқандай, білімнің қандай сәт болмасын жетістікке жеткізер бұлақтың қайнар көзі екенін тілге тиек еткені бәрімізге аян.  Сол білімнің асылдай сынығы-қазынасы  сіздерсіздер. Сіздер барлық марапатқа лайық жандарсыздар,-деді Нұрлан Ермекұлы.   Осыншама жылғы қажырлы қызметтің енді зейнетін көріңіздер деген ізгі тілекпен, білім кілтінің көшбасшыларына  арнайы  марапат жасап, алғысын білдірді.

Құрметті еңбек демалысына шыққан абыройлы педагогтардың қатарында Алшынбекова Орынкүл Жұмабайқызы  (№7 мектеп директоры), Асылбекова Зейнегүл Атабекқызы (№64 мектеп директоры),  Бершімбаева Айжан Серікбайқызы (№35 мектеп директоры), Кенжебаев Құрбанәлі Мамырұлы (№68 мектеп директоры), Молдабекова Кульзада Зиятовна (№52 мектеп директоры), Пак Роза Викторовна (№45 мектеп директоры), Сүлейманқұлов Хикмат Хамракулович (№96 мектеп директоры) бар.

Мұғалімдер,  өз кезегінде,  қоғам алдында ұстаздар мәртебесін көтеріп,  жылы лебіз танытқан жаңа  әкімге ризашылықтарын білдірді.

Қосымша айта өтсек, бұл ұстаздардың суреті қалалық баннерлерге ілінетін болады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *