Мектеп оқушыларының назарына!

Құрметті мектеп оқушылары! Биылғы жылдың мамыр айының жиырма төртінші жұлдызы мен маусым айының екінші  жұлдызы аралығында  8-11-ші  сынып оқушылары арасында  «Шырайлы Шымкент» тақырыбында эссе мен жобалардың Республикалық байқауы өтеді. Байқауды  Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімінің тасырысы бойынша  «Оңтүстік жастары» қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр. Оқушылардың шығармалары Shymkentеsse@gmail.com электрондық поштасы  арқылы 24-29 мамыр күндері аралығында  қабылданып, 29-30 мамыр   күндері қорытындылау кезеңдері болады. Ал   1-2 маусым аралығында марапаттау және шымқаланы аралау экскурциясы өтеді.   Сіздер тек Шырайлы Шымқала туралы эссе жазып келсеңіз болғаны, қалған шығынды ұйымдастырушы өзі төлейді. Бағыңызды сынап, биіктен көрінгіңіз келсе, қатысыңыз!  Сіздің шығармашылығыңызбен халықта танысатын уақыт жетті. Өз өнеріңізді көрсетіңіз. Міндетті түрде бағаланады. Келіңіз, өкінбейсіз! Әр уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз.  Мұндай мол мүмкіндіктер көп бола бермеуі мүмкін. Өтініштер Шымкент қаласы, Б. Момышұлы көшесі №23/1 мекен-жайында, «Жастар ресурстық орталығында» қабылданады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *