Туризм жайлы бағдарламалар пойыздарда көрсетіле басталды

  1. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 5 маусымнан бастап Қазақстан темір жолының «Тұлпар-Тальго» пойыздарының жиырма екінші  құрамында және фирмалық жүрдек пойыздардың тоғызыншы құрамында қазақ және орыс тілдеріндегі «Unknown Kazakhstan» (Белгісіз Қазақстан) теле бағдарламасы көрсетіле бастады. Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» мақаласында  «Ішкі және сыртқы мәдени туризм халқы­мыздың осы қастерлі мұраларына сүйенуге тиіс. Мәдени маңыздылығы тұрғысынан біздің Түр­­кістан немесе Алтай – ұлттық немесе құр­лықтық қана емес, жаһандық ауқымдағы құн­дылықтар. Бесіншіден, заманауи әлемдегі бәсекелік қабілет – мәдениеттің де бәсекелік қабілеті деген сөз. АҚШ-тың «қырғи-қабақ соғыс» кезін­дегі табысының қомақты бөлігі Голливудтың енші­сінде. Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы сая­сат­тағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек»,-деген. Міне осы бағытта «Unknown Kazakhstan» — Kazakh TV телеарнасында еліміздің ең қызықты мекендері мен белгісіз жерлері туралы бағдарлама баяндалады. Бұдан басқа, жалпы хронометражы 6 сағаттан асатын «Discovering Kazakhstan» және «Aviator» атты ел ішіндегі саяхат туралы тағы екі бағдарламаны көрсету жоспарланған. «Kazakh Tourism» және «Қазақстан темір   жолы» ұлттық компаниялары, сондай-ақ «Хабар» агенттігі мамыр айында қазақстандықтарды ел ішінде көбірек саяхаттауға ынталандыруды көздейтін бірлескен компания жариялағанын атап өткен жөн.
    Бұл шара еліміздің әуежайлары  мен теміржол вокзалдарында Қазақстанның түкпір-түкпірінде орналасқан  туристік орындар туралы танымдық бейнебаяндарды көрсетуден басталды. Маусым айынан бастап бұл компанияны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ қолдап, бейнебаяндарды Қазақстан бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсете бастады.
    Науқанға «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының жарнамалық операторы  MYD Production да қолғабыс етіп, белгілі қазақстандық фотограф Константин Киквидзенің Қазақстан туралы суреттерін ішкі терминалдың ұшу алаңдарында орналастырды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *