Шымкентте 51 отбасы жаңа пәтерге қоныстанды
Баспанаға төлем қабілеттілігін растаған азаматтар «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары арқылы Отбасы банкі арқылы қол жеткізді.
Жаңа қоныс иелерінің арасында көп балалы және толық емес отбасылар, ерекше бала тәрбиелеп отырған жанұялар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен бюджет саласының қызметкерлері бар.
Мұндай жобалар тұрғын үйдің қолжетімділігін арттырып, әлеуметтік жағынан осал топтарды қолдауға бағытталған. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және қаланың тұрғын үй инфрақұрылымын нығайтуға серпін беруде.